Жарнама
Қоғам

Жат ағымдардан қорғану – қоғам тұрақтылығының кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қоғамдағы қауіпсіздік, тұрақтылық пен тыныштық мәселесін айрықша атап өткен еді. Осыған байланысты, жақында Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғауға бағытталған профилактикалық шара өтті. Жиынға облыстық дін істері басқармасының теологы Арман Урумбаев қатысып, мемлекеттік қызметшілермен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында еліміздегі діни ахуал, жат ағымдардың қоғамға тигізер зардабы, оларды ажыратудың белгілері кеңінен сөз болды. Теолог маман қатысушыларға радикалды идеологияның таралу тәсілдері мен оның алдын алу жолдарын нақты мысалдармен түсіндірді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің бойындағы әділдік, парасаттылық, сабырлылық секілді адами құндылықтардың қоғамдағы орны ерекше екендігі атап өтілді.

Жиналғандар көкейдегі сауалдарына толыққанды жауап алып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік тапты. Шара қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап, кәсіби қызметпен қатар адами болмыстың да маңызын айқындай түсті.

Мұндай игі бастамалар мемлекеттік қызметшілердің дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, қоғам тұрақтылығы үшін маңызды рухани иммунитетті күшейтуге септігін тигізеді.

Жәнібек СЕМҒАЛИЕВ,
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button