Жарнама
Қоғам

Жастар жұмыс іздейді

Бүгін «APEC PetroTechnic» жоғары колледжінде облыстық ішкі саясат басқармасының «Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы» және «Атырау Мансап» орталығының ұйымдастыруымен 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарды еңбек нарығындағы сұранысқа сай жұмысқа орналастыруға, өз мамандығына сәйкес бос орындарды табуға мүмкіндік беру.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 35-ке жуық мекеме қатысты. Жұмыс іздеген азаматтар әртүрлі бағыт бойынша бос жұмыс орындарына өз өтінімдерін қалдырды. Соның ішінде мұнай саласының мамандары, инженерлік, көлік жүргізушісі, педагог және қазіргі таңда сұранысқа ие ақпараттық технологиялар сынды мамандықтарға көп өтінім берілді. Жалпы жәрмеңкеде 300-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылып, 200-ге жуық жас өз түйіндемесін тапсырды.

Жәрмеңкеге қатысушылар саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл – өңірімізде жастарды жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың және еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктердің пайда болғанының айғағы. Мұндай шаралар болашақта жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, олардың әлеуетін арттыруға сеп болмақ.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button