Жарнама
Қоғам

Жарылмай қалған цистерна

Осы аптада Құлсары қаласындағы «PromGaz» жанармай құю бекетінде көлемі 32 тонналық «Ford» маркалы бензин тасымалдаушы көліктің екі дөңгелегі өртеніп, бір сәтте айналаға үлкен жарылыстың қаупі төнді. Төтенше жағдай туралы дабыл түскен бойда өрт сөндірушілер оқиға орнына дереу жетті. 

zharylmaj 1

Өртке оранған көлік жанармай құю бекетіне жақын тұрған. Көлік цистернасында жартылай бензин, жартылай дизель болғаны белгілі болды. Бұл жағдай қауіптің деңгейін одан сайын күшейткені анық.

Жеке құрам жедел түрде өртті сөндіру үшін арнайы көбік қолданды. Көліктің алдыңғы бөлігіне жалын жетпеуі үшін жүргізуші кабинасы ажыратылып, қауіпсіз жерге шығарылды. Жанармай бекетіне келіп тұрған жеңіл көліктер де қауіпсіз жерге көшірілді. Нәтижесінде өрт тез арада толық сөндірілді. Одан ешкім зардап шеккен жоқ.

zharylmaj 2

№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Дастан Садыхов өрт кез-келген сәтте цистернаны шарпып, жарылыс қаупін тудыратын болғандықтан құтқарушылар тәуекелге барғанын айтады.

– Қауіпке қарамастан жақыннан жұмыс істеді. Қауіп толықтай сейілгенше аумақта бір бөлімше кезекшілік етті, — деді Дастан Сапарғалиұлы.

zharylmaj 4

Бұл Жылыой өңірінде биыл тіркелген екінші оқыс жағдай. Бұған дейін мамыр айында осыған ұқсас оқиға кезінде жарылыс болып, адам шығыны тіркелген еді.

– Сол кездегі жағдай біз үшін үлкен сабақ болды. Бұл жолы жарылысқа жол бермедік, — деді Д.Садыхов.

zharylmaj qalgan 5

Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдарын арнайы мамандар мен тергеушілер анықтап жатыр. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетінің арқасында ірі төтенше жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button