ЖӘРМЕҢКЕДЕ – АРЗАН ӨНІМДЕР

Қоғам

Алдымен көзімізге түскен көкөніс түрлері (оның ішінде сәбіз бен қызылшаның келісі – 60, қырыққабат – 56, картоп – 50 және жуа 48 теңгеден) сатылды. Бұдан бөлек, шұбаттың литрі 350, сиыр етінің келісі 820, жылқы еті 1000, ал қазысы 1500 теңгеден өткізілді.
Мұның сыртында мерекелік жәрмеңкенің базарын жаңадан ауланып, жеткізілген су маржандары саудасының қыздыра түскеніне де куә болдық. Осылайша, бұл күні майы сыртына шыққан семіз сазанның келісі 150, сыла 130, мөңке мен табан 65 теңгеден сатылып, қолма-қол өтіп кетіп жатты. Сөйтіп, ауылдың арзан өнімдері мұнайлы астана атанған шаһар тұрғындарын бір жарылқап тастады.
Қалалық әкімдіктің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Сәден Лұқпановтың айтуынша, мерекелік жәрмеңкенің ойдағыдай ұйымдастырылуына облыс басшылығы мен салалық басқарма мұрындық болса, тауар өндіруші тараптар (барлығы 40-қа тарта шаруашылық құрылымы) да түсіністікпен қарап, белсенділік танытты.

Дәулетқали АРУЕВ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған