ЖАҒАЖАЙ МЕН АЛАҢДЫ ӘН КЕРНЕДІ

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жанынан құрылған жиырма тоғыз қоғамдық шығармашыл жастар бірлестігі «Жастар апталығында» белсенділік танытып, өз идеялары мен бастамаларын түрлі шаралар аясында жүзеге асырды. Сондай шараның бірі - «Жастар таңдауы - Атырау» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Open air party» – аспан астындағы би кеші. 

reҚаладағы орталық жағажайда ұйымдастырылған көңілді кештің мақсаты – жастарды мәдени, рухани жағынан байыту, оларды бірлікке шақыру, жаздың кешкі күндерін көңілді өткізуге септігін тигізу. Жоба аясында түрлі ойындар, қызықты конкурстар, жергілікті және өзге елдің де эстрада жұлдыздарының және хореографтардың қатысуымен концерт өтті. Түн ортасына дейін жалғасқан кешке тұрғындардың ықыласы ерекше болды.

***

Халықаралық жастар күні кешкілік «Исатай-Махамбет» орталық алаңында кең көлемде аталып өтті. Шара рок стиліндегі көңілді музыкамен басталды. Алаңға байкерлер, экстрим, вело, ролик, скейт топтарымен қоса бишілер шығып, өнер көрсетті. Ерекше басталған кешті режиссер әрі шоумэн Нұржігіт Әлімбаев жүргізді.
Кеш барысында жергілікті әншілер мен бишілер, КТК ойыншылары, рэперлер өз өнерлерін ортаға салды. Стэп ритм биі, брейк түріндегі орыстың халық биі, «Дартс» рэп тобы жанып жүріп биледі. Жанар Әлипова, Мейіржан Қабдолов, Елена Ералина, Адэма және Константин, Асқар Ақтоты мен Аслан Ертілеуов шырқаған ән көпшілікке ұнады.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА,
Суреттерді түсірген Самат ҚАЙЫРЖАНОВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз