ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП КІМ ҚАНША АЛАДЫ?

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауында әлеуметтік салаға үлкен көңіл бөліп, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолдау-көмек көрсетіп келеді. Тек соңғы он жыл ішінде осы әлеуметтік салаға бөлініп отырған қаражат үш есеге өскен. Жаңа 2016 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерінің артуы бұл сөзіміздің айқын дәлеліндей десе де болады.

 

Бұл туралы оқырмандарымызға ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мәншүк Лепесова түсіндіреді.

– 2016 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі күнкөріс деңгейі  22859 теңгеге дейін көтерілді (2015 жылдың 1 қаңтарынан ол  21364 теңге болған), осыған байланысты зейнеткерлік базалық төлемдер 11965 теңге болады. Сондай-ақ, биылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшерінің барлығы 9 пайызға арттырылды. Егер зейнеткер 2015 жылы 30000 теңге зейнетақы алған болса, 2016 жылдың 1 қаңтарынан ол 32700 теңге алатын болады (30000 х 1,09 = 32700).

Зейнетақы мөлшерін есептеу үшін алынатын табыстың ең көп мөлшері 86961 теңге немесе 41 айлық есептік көрсеткіш.Айлық есептік көрсеткіш мөлшері – 2121 теңге.

Зейнетақы мөлшерінің ең көп мөлшері 65221 теңге (86961 теңге 41 айлық есептік көрсеткіштің75 пайызы), осыған 11965 теңгебазалық зейнетақы төлемді қосқанда, барлығы 77186 теңгеболады. Ал, жаңа жылдан тағайындалатын ең аз зейнетақы мөлшері 25824теңге. Оған базалық төлем – 11965 теңгені қосып, барлығы 37789 теңге алады. Осыдан екі жыл бұрын, 2014 жылы ол 23692 теңге + 11182 теңге = 34874 теңге болды.

– Біздің облыс бойынша қанша зейнеткердің зейнетақысы өзгертілді?            

– Атырау облысы бойынша 49,7 мыңнан астам зейнеткердің зейнетақы мөлшері өзгертіліп отыр. Ең аз күнкөріс деңгейінің мөлшері 21364 теңгеден 22859 теңге болып еселенген мөлшерінің өзгеруіне байланысты барлық әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері де өзгертілді.

 

Мүгедектігіне, жалпы аурулығына байланысты

I топ үшін 30337 теңгеден 40690 теңге болды

II топ – 23715 теңгеден 31775 теңге болды

III топ – 16664 теңгеден 22402 теңге болды

16 жасқа дейінгі бала жастан мүгедектерге  22433  теңгеден  29946  теңге.

 

Бала  жастан  және  16  жастан

18  жасқа  дейінгі  мүгедектерге

I  топ үшін 30337 теңгеден 40690 теңгеге;

II  топ – 24783 теңгеден 33146 теңгеге;

III  топ – 19442 теңгеден 26060 теңгеге өседі.

Асыраушысынан айырылуына байланысты

1 еңбекке жарамсыз жанұяға 14742 теңгеден  19659  теңгеге;

2 еңбекке жарамсыз жанұяға 25424 теңгеден  34060  теңгеге;

3 еңбекке жарамсыз жанұяға 21619 теңгеден  42290  теңгеге;

4 еңбекке жарамсыз жанұяға 33542 теңгеден  44804  теңгеге;

5 еңбекке жарамсыз жанұяға 34610 теңгеден  46404  теңгеге;

6 және одан көп еңбекке жарамсыз жанұяға  36106  теңгеден  48233  теңгеге;

1 тұлдыр жетім балаға 20083 теңгеден 26974  теңгеге;

2 тұлдыр жетім балаға 40165 теңгеден 53948  теңгеге  өседі.

Жасына байланысты

11110 теңгеден 11887 теңгеге дейін өзгертілді.

– Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларда нендей өзгеріс бар?

– Облыс бойынша 21,6 мыңнанастам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың жәрдемақы мөлшерлері де өсірілді. Сонымен қатар, айлық есептік көрсеткіштің 1982теңгеден 2121 теңге болып өзгеруіне байланысты арнаулы мемлекеттікжәрдемақылар мөлшерлері де өзгерді, яғни олар да жеті  пайызға арттырылды.

Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге  31712  теңгеден 33936 теңгеге;

Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендерге 12269 теңгеден 13129 теңгеге;

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге 14965 теңгеден 16014 теңгеге;

Тылда еңбек еткендерге 4222 теңгеден 4518 теңгеге;

I-II  топ мүгедектеріне 2954 теңгеден 3161 теңгеге;

III  топ мүгедектеріне 1269 теңгеден 1358 теңгеге;

көп балалы аналар 8246 теңгеден 8824 теңгеге көтеріледі.

Ал, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталғандарға 12685 теңгеден13575 теңгеге, барлығы облыс бойынша 43 мыңнанастам адамның арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерлері өсірілді. Бұларға қоса бала бір жасқа жеткенше күтіммен отырған аналарға:

Бірінші балаға 11417 теңгеден 12217 теңгеге;

Екінші балаға 13498 теңгеден 14445 теңгеге;

Үшінші балаға 15559 теңгеден 16650 теңгеге;

Төртінші және одан да көп балаға 17640 теңгеден 18877 теңгеге өседі.

Бірінші, екінші және үшінші бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 62255 теңгеден 66621 теңгеге өсірілді. Ал, төртінші және одан кейінгі бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшері 103758 теңгеден 111035 теңгеге дейін өзгертілді. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға 24002 теңге мөлшерінде ай сайынғы жәрдемақы тағайындалады. Өткен 2015 жылы оның мөлшері 22433 теңге болды.

Әңгімелескен:  Лиза  СЕЙТІМОВА.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз