ЗАҒИП ЖАНДАРДЫҢ КӨҢІЛДЕРІН КӨТЕРДІ

Атырау облыстық зағиптар қоғамының ұйымдастыруымен зағип жандарға арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.
Аталмыш қоғам осы мереке қарсаңында зағип жандарды қамқорлықтан тыс қалдырмай тарту-таралғыларды тапсыруды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да зағиптар қоғамының төрағасы Нұрғали Алтынбеков жаңа жылдық шырша мерекесімен қоғам мүшелерін, олардың балалары мен немерелерін құттықтап, игі тілегін білдірді.

Сондай-ақ, шараны өткізуге атсалысқан кітапхана меңгерушісі Алуаш Жалмұхамбетоваға, демеушілік көрсеткен қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Атаба» сауда орталығының басшылығына, «Жақсы көңіл-күй әлемі» тобының мүшелеріне ізгілік көмектері үшін қоғам атынан алғысын айтты.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз