ҚЫРЫҚБАЙМЕН ДОС БОЛЫП ЕДІМ…

Содан арада екі жыл өткенде Қырықбай: «Қой, Бәки, мен оқуға түсейін. Білім алу керек!» - деп, сол кездегі педагогика институтына құжат тапсырды. Мен жаңағы үйде тұрып жаттым. Арагідік студент Қырықбаймен кездесіп, бірге тұрғандағы қызықты оқиғаларды еске аламыз. Кейіннен ол оқуын бітіріп, журналистикаға бет бұрды. Мен қарапайым еңбек адамымын, анда-санда қолыма қалам алып, ойымды қағазға түсіремін. Қалаға бара қалсам, онымен жүздесемін, өткен-кеткенді әңгімелейміз. Бір-бірімізді жас күнімізден білетін болған соң ба, арамызда қимастық сезімі сезілетін. Осыдан біраз жыл бұрын Қырықбайдың дүниеден өткенін естігенде, көзіме ерік бердім. Марқұммен бірге бір үйде тұрған кездерім, қызықты сәттерім есіме түсті. Уақыт тауып, оның орнына «қайыр болсын» айтып шықтым. Бейітіне барып, дұға оқыдым. 
Шіркін, өмір-ай десейші, бәрі де жалған екен-ау. Қалаға келе қалсам, сол баяғы Фетисов көшесіндегі Қырықбай екеуміз тұрған үйге көз тастаймын. Бірақ, қазір бәрі өзгерген, жаңаша түрге енген. Сонда да досыңмен өткізген күндерің көңіл түкпірінде сағыныш болып қала береді екен...

Бәки КЕРЕЙ,
Құлсары қаласы тұрғыны.
Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз