ВЛАДИСЛАВТЫҢ БАЙРАҒЫ

Жуырда №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің он төрт-он бес жастағы зілтемір көтеруші атлеттері арасында облыстық турнир болып өтті.

Жақсы жабдықталған спорт залындағы сайысты көруші жан-күйерлердің қатарында ауыр атлетика әліппесін жаңадан үйреніп жүрген балғындардың ата-аналары да аз болмады.

Турнирде 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша алғаш рет бағын сынаған Атыраудағы №18 орта мектептің 8-ші сынып оқушысы Владислав Шкодин жеңімпаз атанды. Зілтемір көтерумен айналысқанына  көп бола қоймаған Владиславты жарысқа дайындаған жаттықтырушы Арман Үбиев шәкіртінен зор үміт күтеді.

 Б.ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз