Ұлттық ойынды дәріптеген Құрбан айт…

pngegege Қоғам

ИСІ МҰСЫЛМАНҒА ОРТАҚ ЕҢ АЙРЫҚША ҰЛЫҚ МЕРЕКЕНІҢ БІРЕГЕЙІ – ҚҰРБАН АЙТ БАРША МҰСЫЛМАН ХАЛҚЫНЫҢ АСЫҒА КҮТЕТІН КҮНІ. СЕБЕБІ, ДӘЛ ОСЫ КҮНІ АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ БІРЛІК ПЕН СЫЙЛАСТЫҚТЫҢ, ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ПЕН ЫМЫРАНЫҢ ОДАН ӘРІ АРТАТЫН ШАҒЫ. ОСЫ ДӘСТҮРДЕН АТТАМАЙ, АЙТТЫҢ СОҢҒЫ КҮНІНДЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫ «АҚПАРАТТЫҚ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КММ-НІҢ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША «ЖӘРДЕМ-АТЫРАУ» ҚОРЫ «ҚҰРБАН АЙТ – ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ» АТТЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕН СПОРТТЫҚ САЙЫСТАРДАН АТАУЛЫ ШАРА ӨТКІЗДІ.

С а й ы с д е п а т а л ғ а н ы болмаса, шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың өзара бауырмалдығы мен жанашырлығын арттырып, жамағаттың басын біріктіре отырып, ұлттық ойындарды н а с и х а т т а п , с о л а р қ ы л ы отансүйгіштікке тəрбиелеу. Ұлттық ойындар сайысы т а қ ы р ы п т а н а у ы т қ ы м а й , Еркінқала ауылдық округіндегі «Nurly Tal» этно-саябағында ерекше тойланды. Қазақтың ұлттық қара домбырасының үнімен шымылдығы ашылып, дауылпаздың дабылымен əнұран да шырқалды. Қатысушылар мен көрермендерді мерекемен құттықтаған Еркінқала ауылдық о к р у г і н і ң ə к і м і М ұ х т а р Құмарғалиев пен Атырау облысы Дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаһарман Мусаев сөз алып, қ а т ы с у ш ы л а р ғ а с ə т т і л і к тіледі. Ал, «Мəулімберген» мешітінің наиб имамы Нариман Ермағамбетов бата берді. С а й ы с қ а қ а л а , а у д а н т ұ р ғ ы н д а р ы ж ə н е м е ш і т жамағатынан құралған 19 топ қатысып, арқан тарту, гір тасын көтеру, асық ату, қол күресі, лəңгі тебу, садақ ату, қазақша күрес бойынша бақ сынасты. «Бəйтерек», «Мəулімберген», «Арман», «Бірлік», «Махамбет», « Б а д ж » , « И м а н ғ а л и » , « Е р к і н қ а л а » , « А н а ш ы м » , «Аңсар», «Ракуш», «Жұмыскер», «Əт-Тақуа», «Барыс», «Достық», «Құспан молла», «Жайық», «Жамбыл», «Привокзальный» құрамаларына жинақталған жігіттер сайыс түрлері бойынша шеберліктері мен ептіліктерін сынға салды. Тартысқа толы ойында шын мықтылардың айқын басымдығы аңғарылып тұрды.

– Ұ л ы қ м е р е к е д е тұрғындардың басын қосып, ынтымақ пен отансүйгіштікті н а с и х а т т а у б і з д і ң б а с т ы мақсатымыз болды. Оған қоса, имамдар мен жамағаттың арасын одан əрі нығайта түсуді де басты назарға алдық. Жеті түрлі ұлттық ойындар бойынша бақ сынасқан қатысушылар бұл жолы топтық ойын көрсетті. Себебі, бір топтың намысын қорғау арқылы ымыраласары сөзсіз. Біздің көздегеніміз де орындалған сияқты, – дейді «ЖəрдемА т ы р а у » к о р п о р а т и в т і к қорының директоры Артур Айтмағанбетов.

Бақ пен бап қатар шапқан сайыс нəтижесінде бірінші о р ы н ( 1 5 0 0 0 0 т е ң г е ) – «Құспан молла» мешітінің тобы, екінші орынды (100000 теңге) – «Арман», үшінші о р ы н д ы ( 7 0 0 0 0 т е ң г е ) – «Иманғали» мешітінің тобы иеленсе, төртінші орынды (25000 теңге) «Бəйтерек» (Қызылқоға ауданы) мешітінің тобы, бесінші орынды «ƏтТақуа» жəне «Привокзальный» топтары еншіледі. Сайыс барысында жақсы ойын үлгісін көрсеткен топтарға ескерткіш сыйлықтар жəне 5000 теңгелік спорттық дүкендер желісінен сертификаттар табысталды.

Жайна МƏЛІМҚОЖА

Суреттерді түсірген Əнуар ƏБІЛҒАЗИЕВ

izobrazhenie 2022 07 17 214802490
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз