ҚҰТЫЛМАДЫ … ТҰТЫЛДЫ

Атырауда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Оның мән-жайын облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА айтып берді.

Биылғы жылдың қыркүйегінде Ресейдің Башқұртстанында адам өлімі орын алған еді. Іргелес елдің тергеушілері бұл қылмысқа Өзбекстанның 1979 жылы туған тұрғыны қатысты екендігін анықтаған. Алайда, оны жедел ұстау мүмкін болмапты. Байқаса, жазадан қашқан әлгі адам Атыраудан бір-ақ шыққан. Осында жеке үй құрылыстарының бірінде түк білмейтіндей жұмыс жасап жүрген жерінен оны ІІД-нің криминалдық полицияның қызметкерлері қолға түсірді. Қашқын өзбек Хорезм облысының тұрғыны екен. Ол бүгінде облыс орталығындағы оқшаулау орнында қамауда.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз