«ТЫҒЫРЫҚТАН ЖОЛ ТАПҚАН»

Елбасы туралы киноэпопеяның жаңа бөлімі

бүгін Атырауда да көрсетіле бастайды 

Ғибратты ғұмыр – ұрпаққа үлгі

Елбасының өмірін зерттеу, оның балалық және жастық шағымен танысу алдымен, өскелең жастарға қажет. Мемлекет басшысының қазіргі ел басқару дәрежесіне жеткенше қаншалықты өмір соқпақтарымен жүргені, нешеме сынақтардан сүрінбей өткені – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Жігітті елі ер етеді. Ал, ол үшін сол еліңе аянбай қызмет етуің керек.

Міне, Елбасы туралы фильмнен соны тағы да түйсінгендей боласың. Сол шақтың тарихи оқиғалары нақты берілген. Кеңестік дәуірде, жасыратыны жоқ, алдымен өндірістік жоспар алдыңғы кезекке шығып, жұмысшылардың тұрмысы кейінге ысырылатын еді ғой. Мәскеу шикізат өндіруді талап етті. Ал, халық аз ғана нәрсені қанағат тұтып, көпті сұрауға да батылы бармайтын. Мұндайда жұртты бастайтын, жоғарыдағы басшылардың алдына мәселені батыл қоятын ер керек еді. Сондай батылдық жас Сұлтанның бойынан табылған-ды. Осы ерлік қимыл бүгінде күллі қазақстандықтарды кемел келешекке бастап келеді.

Нұрсұлтан Әбішұлының әр әрекеті, халық үшін істеп отырған нақты ісі осы фильмде кеңінен көрініс тапқан. Нұрлан Әлімжан жас актер болғанымен, Елбасы бейнесін аша  білген. Қолында билігі бар адам алдымен халқының жағдайын ойлауы қажет. Сол үшін жұмыстануы керек. Жалпы, әрбір актер өз кейіпкерінің тек сыртқы бейнесін ғана сомдамай, ішкі жан-дүниесін де көрсете білуі шарт қой. Міне, осы тұрғыдан таразылағанда Нұрлан бар шеберлігін салған. Жастығына қарамастан, үлкен жауапкершілікті абыроймен арқалай білген. Актер өзі «Мыңдаған адамның арасынан оқ бойы алға шығып, Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдау бақыты маған бұйырғанын тағдырдың сыйы деп білемін» дейді. Расында да, солай. Ал, Қазақстанға Елбасындай тұлғаны тарту ету – тағдырдың сыйы. Ендеше, маңдайымызға біткен бақытымызды бағалай білейік.

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ,

ҚР Парламенті

Сенатының депутаты.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз