Жарнама
Қоғам

Төрт жолақты жол керек

ЕЛДІҢ ДАМУЫНДАҒЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЕРЕКШЕ. БҰЛ ӘУЕЛДЕН МОЙЫНДАЛҒАН ҚАҒИДА ЕКЕНІ АНЫҚ. БІРАҚ, ОСЫ ӨҢІРДІ ДАМЫТУДАҒЫ КЕНЖЕ ҚАЛЫП ОТЫРҒАН САЛА – КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ. ӨЙТКЕНІ, ЕУРОПА МЕН АЗИЯНЫ ЖАЛҒАЙТЫН НЕГІЗГІ КҮРЕТАМЫР АТЫРАУ АРҚЫЛЫ ӨТЕДІ. СОҒАН ОРАЙ, БИЫЛ ҚАЗАН АЙЫНЫҢ ОРТАСЫНДА РЕСПУБЛИКА ПАРЛАМЕНТІНІҢ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨТКЕН «ҮКІМЕТ САҒАТЫНДА» ЕЛДЕГІ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛҒАН ЕДІ.

Көтерілген мәселе жалпыреспубликалық көлік жолын дамыту тұрғысында болғанымен, «Атырау — Астрахан» жолының маңызына көбірек мән берілді. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфра құрылымдық даму министрлігінің жұмысына көңілі толмаған Мәжіліс депутаттары орынды сын-ескертпесін айтып, министрге мәселені төтесінен қойды. Онысы қисынды да, өйткені сейсенбіде Атырау облысына іссапармен келген Президент Қасым Жомарт Тоқаев та осы жолдың құрылысын жеделдетуді министрлікке емес, Үкіметке жүктеді.

Ал, «Үкімет сағатында» еліміздің батыс өлкесін орталықпен жалғайтын күре жолдың құрылысын жедел аяқтауды талап еткен депутаттар оның көлік өткізу мүмкіндігін қайта қарауды да сұраған еді. Соған байланысты, депутаттар Серік Ерубаев, Сәлімжан Нақпаев, Дүйсенбай Тұрғанов және Нұрлыбек Ожаев министр Қайырбек Өскенбаевқа арнайы сауал жолдады. Онда депутаттар Атыраудан Құлсарыға дейінгі тасжолды төрт жолақты етіп кеңейтіп салуды қозғап отыр. Өйткені, биыл 2 ақпанда өткен елдің батыс аймағындағы жол құрылысы бойынша қоғамдық талқылауда «Атырау Қарабатан» учаскесін екі ретін ұзындығы 86 шақырымдық «Атырау Доссор» тасжолы ғана кеңейтіліп, оның жобалау-сметалық құжаттамасы 2023 жылы әзірленетінін жоспарға енгізгені айтылып еді. Бірақ, қазіргі ахуал мәселенің мұнымен түбегейлі шешілмейтінін көрсетіп отыр.

– Ресей шекарасынан Ақтөбе және Маңғыстау облыстарына шығатын жол Доссорға дейін Атырау облысын қақ жарып өтеді. Одан әрі бүкіл елдің экономикалық әлеуетіне зор ықпал етіп отырған «Теңіз» кен орнына, Маңғыстау облысы арқылы Өзбекстан мен Түркімен шекарасына кететін көлік жолы Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласының үстімен жүреді. Жолдың ені – небәрі 9 метр ғана. Бұл ұзақ сапарда жүретін жүк көліктерін айтпағанда, жеңіл автокөліктердің еркін қозғалысына да өте қолайсыз, — дейді мәселеге бастамашы болған Мәжілістегі «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев.

Шынында да, жолдың тарлығы оның бойындағы бірнеше ірі өнеркәсіп ошағы мен маңызды стратегиялық нысандардың жұмысына қиындық келтіріп отыр. Әсіресе, таңертең және кешкі уақытта көлік кептелісін қалыптастыратыны рас. Мәжіліс депутаттары «мұның шешімін техн калық тұрғыда І санатқа жататын төрт жолақты жолды «Атырау-Доссор» учаскесінде емес, Атыраудан Құлсары қаласына дейін ұзартып , 2023 жылы жасақталатын жобалау-сметалық құжаттамасына қосу мүмкіндігін қарастыру арқылы тапқан дұрыс» деп санайды.

«Сонымен қатар , — делінген депутаттық сауалда , — халықаралық , республикалық , облыс аралық экономикалық маңызы бар « Атырау — Хамит Ерғалиев», «Атырау-Махамбет» тасжолдарын да төрт жолақты етіп қайта жаңарту үшін 2023 жылы әзірленетін жобалау — сметалық құжаттамасына енгізуді өтінеміз». Қабылданатын шаралар бойынша егжей — тегжейлі ақпарат беруді сұраған Мәжіліс депутаттарына Индустия және инфр а құрылымдық даму министрлігі аталған учаскелердің құрылысын келесі жылы қаралатын жобалау-сметалық құжаттамаға енгізу мүмкін еместігін 7 қараша күні жазбаша хабарлапты. Оның себебін министрлік былай деп түсіндірген:

«Бекітілген «Қуатты өңірлер: ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде ұзындығы 521 км болатын, Орал қаласын айналып өтетін «Атырау-Орал» автомобиль жолын, оның ішінде 67 км болатын « Атырау — Махамбет» учаскесін реконструкциялау көзделген. Жоба шеңберінде 4 жолақты қозғалысы бар I техникалық санатқа ауыстыру жоспарланып отыр, сондай-ақ қарсы бағытталған көлік ағындарын бөлек жер жабынына жатқызу туралы шешім қабылданды.

Қазір 13 учаске бойынш а жобалау — сметалық құжаттамасы әзірленуде, аяқталу мерзімі 2023 жылы кейіннен құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуымен жоспарлануда…»

Сонымен қатар  Қайырбек Айтбайұлы өз хатында ұзындығы 183 км болатын Құлсары қаласын айналып өтетін жолмен қоса алғанда, « Құлсар ы — Мұқыр » учаскесін екі жолақты қозғалысы бар II техникалық санат қасай реконструкциялаудың да Ұлттық жобада көзделгенін нақтылапты.

Биыл тамыз айында жобаны іске асыруды Ұлттық экономика министрлігіде мақұлдаған . Енді қаржысы бөлінсе, жобалаусметалық құжаттамасын әзірлеу басталмақ.

Ал, ұзындығы 277 шақырым болатын «Атырау — Астрахан » автожолының құрамындағы 63 километрлік «Атырау Хамит Ерғалиев» учаскесін реконструкциялау екі жолақты қозғалыстағы II техникалық санатқа сәйкес жасалатын болыпты. 2020 жылдан бері Еуропа қайта құру және даму банкінің қаражаты есебінен мемлекеттің кепілдігімен жүріп жатқан оның құрылысы келесі жылы аяқталады деген болжам бар. Министр Қайырбек Өскенбаевтың жазбаша берген нақты уәжі – «қазір қолданылып жүрген құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес құрылыстың жөндеуаралық мерзімі 15-20 жыл екенін ескерсек , 2023 жылдан бастап «Атырау-Хамит Ерғалиев» учаскесін І санатқа , яғни төрт жолақты қозғалысы бар жолға ауыстыру жобасын әзірлеу мүмкін емес».

Депутаттар көтеріп отырған «Атырау Доссор-Құлсары» учаскесін І санатқа сай реконструкциялаудың мәселесі де бірер жылда шешіле қоймайтын секілді. Өйткені, министр өз жауабында дәл қазір жалпы ұзындығы 4,3 мың шақырым болатын «Қарағанды-Алматы», «АқтөбеАтырау-Астрахан», «ТалдықорғанӨскемен», «Қалбатау-Майқапшағай», «Мерке-Бурылбайтал», «БАКАД», басқа да республикалық маңыздағы автокөлік жолдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталмайынша, бұл жөнінде сөз қозғаудың өзі артық боларын тұспалдаған. Бірақ, содан кейін «Атырау-Доссор-Құлсары» жобасын қарастыруға дайын екенін атап өтіпті.

Қуандық ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button