ҰТҚЫР БАСТАМА, ҰТЫМДЫ ШЕШІМ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектен тыс Парламент және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қойғандығы – өте дұрыс шешім. Заңды күші бар бұл құжат бүгінгі уақыт талабынан, атқарылатын істі ертеңге қалдырмау қажеттілігінен туындағаны белгілі.

 

Жарлыққа қол қойылуын толығымен қолдаймын. Мұндай қадам ауқымды экономикалық жағдайларға және қазіргі кезеңнің күрделілігіне байланысты болып отырғаны сөзсіз. Биыл Ұлт жоспарының практикалық кезеңі басталып та кетті. Соған орай дағдарысқа қарсы шараларды уақытылы жүзеге асыру үшін Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын жедел түрде өткізу қажеттілігі туындады.

Елбасы «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында да мемлекетіміз бен қазақстандықтардың экономикалық дағдарыстың ықпалын қатты сезінбеуі және республикамыз әлемде озық дамыған отыз елдің қатарына кіру бағытындағы мақсатына жетуі үшін тиісті міндеттерді айқындап берді. Алдағы уақытта сайланатын депутаттар корпусының жаңа құрамы ел экономикасын және басқа да әлеуметтік-мәдени салаларды жаңғыртуға тың серпін бере алатынына сеніміміз мол.

Талапқали ЗАЙНУЛЛИН,

дирижер, Қазақстанның

еңбек сіңірген қайраткері,

Құрманғазы ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз