Теннис кортындағы теңдессіз шоу

Tennis kortyinda yi te dessiz shou Қоғам

«Жұлдызды жауынгерлер». Осындай атпен Атырау қаласындағы теннис орталығында лазерлік-шоу бағдарламасы өтті.

Теннис кортындағы теңдессіз шоу

Теннис орталығына күннің жарығы түсер жердің бәрі жабындылармен тұмшаланып, сарайдың ішін қою қараңғылық жайлады да, теннис кортына «Жұлдызды жауынгерлер» ертегісіндегі киім үлгілерін киінген балғын теннисшілер жиналған қалың көрерменнің қолпаштауымен ортаға шықты.

Қолдарындағы теннис ракеткалары лазермен көмкерілген ойыншылар «Отты Марс», «Мұзды Юпитер», «Сулы Венера» командалары болып үшке бөлініп, әр командадағы лазерлік қондырғыларын бойларына тағынған ойыншылар бір-бірімен теннис кортында бәсекелесті.

Қараңғылық жайлаған жерде жарқыраған ракеткалар мен ертегі кейіпкерлерінің  айқұш-ұйқыш қозғалуы ерекше әсер берді. Көрермендер де шара басталар алдында өздеріне таратылған лазерлік білезіктерін тағынып, қолдарын бұлғасқанда теннис орталығына жұлдызды жауын жауғандай тамаша көрініс болды.

Жарқылға толы кездесулердің нәтижесінде «Отты Марс» командасы теннисшілерінің жинаған ұпай саны жоғары болып, жеңімпаз атанды.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз