ТЕАТР – РУХАНИ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ

Театр қоғамды адамгершілік пен рухани құндылыққа бастайтын жол десек те артық етпейді. Әдеби шығарманы сахналық қозғалыспен, яғни, өзіне ғана тән театрлық бояумен жаңа күйге енгізіп, ондағы өзара қарым-қатынастарды тірілтеді.

 

Әрбір іс-қимыл, ашу-ыза, сезім дірілі, шаттық-күлкі, қуаныш пен қайғы тікелей көрерменге әсер етіп, түрлі күйге түсіреді. Театр өнері көрерменнің өмірге, коғам тыныс-тіршілігіне деген өзгеше көзқарасын қалыптастырады. Жуырда өткен жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығына арналған халықаралық театр фестивалі – соның бір айғағындай. Осы фестиваль аясындағы спектакльдерден үлкен рухани әсер алдық. Театр өнеріне деген ынта-ықыласымыз арта түсті.

Ойын-сауық орындарындағы даңғырлаған музыкадан гөрі, жаныңды рахатқа бөлейтін театр қойылымдары артық. Сондықтан, өз қатарластарымды да бос уақытты тиімді пайдаланып, рухани құндылықтарды, нағыз өнерді дәріптеуге шақырамын.

Дана ТӨЛЕШЕВА, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясының 10-сынып оқушысы. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз