ТҰҢҒЫШ ТҮЛЕКТЕР ҚАЙДА ЖҮР?

Келер жылы облысымыздағы ордалы оқу орны – Халел Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университеттің құрылғанына 60 жыл толады. Суретте осы білім ордасы 1955 жылы жоғары оқу орны ретінде ресми ашылғанда алғашқы қабылданған физика-математика факультетінің бір топ студенті бейнеленген.

Солдан оңға қарай: алдыңғы қатар:  Бердиев Қанатбай – Маңғыстауда; Мұқышев Ғазез – Құрманғазы ауданы, Сафон орта мектебінде директор болды, бұл күнде өмірден өткен; Бағалиева Қазима – Атырау қаласында, белгілі азамат марқұм Ізтелеуов Нахымжанның жолдасы; Ханафина Айсұлу – Құлсарыға жолданған, кешікпей уақыт етті; Бектурлиева Төлеш – Ескенеде болды, қазір Жылыой ауданында; Ержанов Қизат – Құлсарыға жіберілген, өмірден өтіп кетті; Оңғарбаев Серікбай – Қызылқоғада болды, марқұм.

Екінші қатар: Шаженбаев Даеш – облыстық білім беру басқармасында, мұғалімдер білімін жетілдіру институтында қызмет атқарды, қазір Атырау қаласында тұрады; Есмұханов Жанұзақ – топ кураторы, техника ғылымдарының докторы, қазір Алматыда; Қатап Хамматов – біздің алғашқы дәріскерлеріміздің бірі еді, жуырда өмірден озды; Шәкібалиев Рахымжан – бізбен бірге оқыған, кейін осы университеттің «Азғырдан шыққан профессоры» атанған; Сухамбердиев Құрманияз бен Ризуанов Қатимолла – Атырау қаласында.

Үшінші қатар: Сүйесінов Берішбай мен Сәрсембаев Мизамбай – Маңғыстауда, Нұғыманов Итбай – қызылқоғалық, қазір өмірде жоқ, Қабдрахманов Сәт – Ақтөбеге жіберілген, қазір де сонда, Сапаров Асан – белгілі спортшы, «Гурьевтің Жуковы» атанған, Атырау қаласында тұрып жатыр; Аисин Махмуд – Оралға кеткен (бақилық), Жатаев Серікбай – Қызылқоғада және Мақашев (не Манашев) Көптілеу – Маңғыстауда.

Қатимолла Ризуанов,

облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы,

облыстың, Индер, Исатай аудандарының

Құрметті азаматы.

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз