ТҰРАҚТЫЛЫҚ ОРДАСЫ

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезіне мен де қатысып келдім. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізінен тұрақтылық, толеранттылық, жалпыұлттық бірлік, бауырластықтың рөлі артқанда ғана елде әрқашан бейбітшіліктің жасайтынын баса айтты. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Таяу Шығыс, Тунис пен Сириядағы жағдайды мысалға келтіре отырып, халық бірлігі – мемлекеттің негізі екенін нықтай түсті. Қоғамдық бірлікті ту етіп ұстау арқылы ғана біз алдымызға болашағы күшті, өркендеп, дамыған Қазақстанымыз туралы ұлы мақсаттар қоя аламыз. Өйткені, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанға ұйғырлар мен дүнгендер, Столыпин реформасы кезінде орыс переселендері, отызыншы жылдары кәрістер, ал, Ұлы Отан соғысы жылдарында Сотүстік Кавказ халықтары, Ресей немістері мен қалмақтар қоныс тепті. Өз елдерінен өзге елге келген олардың өңменінен қақпаған халқымыз елімізді мекендейтін барлық тұрғынды этностық, нәсілдік ерекшеліктеріне қарамастан, біртұтас, унитарлы мемлекеттің азаматы ретінде қа¬рас¬тырып, тең мүмкіндіктер бере білді. Этностық топтардың өз тілі мен дәстүрін, әдет-ғұрыптарын дамытуға толықтай мүмкіндіктер жасалды. Қазақ, орыс театрларымен қатар, бүгінде кәріс, неміс, ұйғыр, өзбек театрлары мәдениет саласында қызмет етіп, этностық топтардың газет-журналдары жарық көруде. Сондықтан да, олар Қа¬зақ¬станды екінші Отаным деп бі¬леді. Осылайша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда өздерінің ана тілі мен мәдениетін сақтау үшін түрлі этностарға жағдай жасалғандығын тағы бір мәрте атап өтті.

Бейбіт МЫРЗАҒАЛИЕВ,
«Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз