СЫН МІНДІ ТҮЗЕЙДІ

Атырау политехникалық колледжі базасында облыстық білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі колледж оқытушылары үшін «Сыни ойлауды дамыту технологиясы: оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар өтті.

Аталған семинарды өз істерінің жетік те білгір мамандары «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясының республикалық дәрежедегі тренерлері Сара Есқазиева мен Лаура Ғазизова жүргізді. Семинардың жоғары деңгейде өтуіне колледж мұғалімдері көп септігін тигізді.
Рас, қазіргі заман – жаңа технологиялар заманы. Сол себепті де «Сын тұрғысынан ойлау» сол технологиялардың бірден-бір бөлігі болмақ. Осы семинардан алған тәжірибелерін колледж мұғалімдері әрі қарай дамыта отырып, білімді де жаңашыл шәкірттерді тәрбиелейді деген сенімдеміз.

Жандарбек ҚАПСИЫҚ,
облыстық білім беру басқармасының әдіскері,
Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз