Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие берудің маңызы неде?

fb img 1623208625456 Қоғам

Кез-келген мемлекетті кері кетіретін зиянкес фактор бар. Ол – жемқорлық.

Өкінішке орай, жемқорлық – 21 ғасырда әлемді жайлаған дертке ​ айналып отыр.

Десе де, әлемде жемқорлықты жеңген мемлекеттер де бар. Қазір әлем Грузияны үлгі етіп жүр. Грузия жемқорлықты қалай жеңді? Грузия билігі жемқорлықпен күресті мемлекеттік қызметтен бастады. Яғни, аталмыш салаға перспективалы жастарды алып келді. Жастардан құралған кадрлық корпус – шынайы мемлекетшілдік арқылы, жемқорлықты жеңді.

Жемқорлықпен күресті күн тәртібіндегі «номері бірінші»​ мәселе етіп қойған елдердің қатарында Қазақстан да бар. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі бүгінде қоғам назарын өзіне аударған ведомствоға айналды. Жоғарыда Грузия мәселесін қозғай отырып, біз жастар тақырыбын текке көтерген жоқпыз. Себебі, жастар – елдің бүгінгі бейнесін және болашағын жасаушылар.

fb img 1623208634421

Осы ретте, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің «Провенция және парасатты» департаментімен бірлесіп,​ «Атырау адалдық алаңы»​ жобалық кеңсесі тың бастаманы қолға алды.

Карантин талаптарын сақтай отырып, «Атырау адалдық алаңы»​ жобалық кеңсесі облыс мектептерінде жемқорлыққа қарсы сынып сағаттарын өткізді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Айталық, кеңсе мамандары жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сынып сағаттарын 15 мектепте өткізді. 9, 10, 11 сынып оқушылары арасында өткен кездесу барысында жемқорлықтың таралу жолдары және оның алдын алу жөнінде жан-жақты түсінік берілді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жастар жемқорлықты болдырмаудың жолы «Отанды сүю» деп есептейді. Бұл пікірді «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мамандарымен кездесуде облыс орталығындағы ​ №9 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушылары айтты. «Жемқорлық – ол ауру секілді. Бірақ, ауруды жеңуге болады. Ол үшін жастарды бала кезден отансүйгіштікке, адал болуға тәрбиелеу керек. Отанын өз отбасындай сүйген, қадірлеген адам, соңы қараңғылықпен аяқталатын іске бармайды» деді жастар.

fb img 1623208650421

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Біздіңше, оңды пікір. Десе де, жемқорлық жағдайларымен күнделікті өмірде тұрақты кездесіп отырмыз. Сонымен, жемқорлық жағдайының жайылуының себебі неде?

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Осы ретте, жемқорлық жағдайының етек жаюына байланысты жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерімен бөліскенді жөн көріп отырмыз.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жемқорлыққа итермелеп отырған негізгі факторлар қатарында сенімсіздік аталып отыр. Яғни,​ жастардың өз-өзіне сенбеуі, өзінің мүмкіндіктерін жоққа шығаруы. Құқықтық сана мен білімнің төмен болуы, жұмыссыздық, баспана тауқыметі де жемқорлықтың жайлауына ықпал етуде.

Сайып келгенде, бұл факторлар елдегі әлеуметтік жағдайдың әлі де болса төмен екендігін көрсетеді. Яғни, жемқорлық әлеуметтік мәселе бар жерде жүріп тұр.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша нақты шараларды қолға алу да – ғасыр індетіне айналған жемқорлықпен күресте нәтиже берері сөзсіз.

Әния Тулешова,

«Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджері

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз