СТУДЕНТТЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Қыс мезгілінде де талай қызықты додалар ұйымдастырылады. Соның бірі – мектеп және колледж оқушылары арасындағы VІІ қысқы облыстық спартакиадасы.

 

Жайық жағалауында өткен жарыста Атырау политехникалық, мұнай және газ технология колледждерінің студенттері мен махамбеттік жастар өзара бақ сынасты. Жарыс бағдарламасында классикалық жүру жарысы бойынша ұлдар – үш, қыздар екі шақырымға жарысты. Сонымен қатар, олар командалық эстафеталық додада сынға түсті.

Ұлдар арасында Дамир Латыш, Әділбек Тапаев және Руслан Төлегенов шапшаңдығымен көзге түссе, қыздар арасында Саяжан Саясат, Анна Тропман және Арина Захарова белсенділер қатарынан көрінді.

Эстафеталық жарыста Атырау политехникалық колледжі студенттері басымдық танытты.

Жарыс жүлдегерлері мен жеңімпаздары Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының медальдарымен және дипломдармен марапатталды.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз