«ШУАҚТЫ ҚАЛА»

astanakynАстана күнін мерекелеу аясында 6 және 7 шілде күндері «Қазақ елі» монументі алаңында таңертеңнен кешке дейін «Шуақты қала» атты халықтық серуен өтпекші.
Мерекені әзірлеп, өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының медиа-тобының мәлімдемелеріне сүйенсек, екі күндік серуенде қала тұрғындары мен қонақтарын күннен, жауын-шашыннан сақтайтын «Қала ішіндегі қала» шатыры тігілмекші. Онда үрмелі және халықтық аспаптар оркестрі өз өнерлерін көрсетпек. Джаз, дәстүрлі түрік музыкасынан бөлек: «SaxJam» вокалды аспаптар ансамблі, «Хуунн-Хуур-Ту» этно-тобы, «Шыңдауыл» және «Сазген Сазы» ансамбльдері, «Терра» театр-шоуы, «Астана Самалы» үрмелі аспаптар және «Серпер» халық аспаптар оркестрлері де өнерлерін ортаға салмақ.

Елорданың ресми сайты таратқан мәліметке сүйенсек, шара барысында танымал қазақстандық әншілер «Эстрадалық марафонға» қатысады. Астаналықтар мен қала қонақтары алдында «МузАрт», «Бәйтерек», «АСТ», «Ринго», «Жігіттер» топтары мен «Трайбл» би ұжымы, Ж.Сейфуллин, А.Жорабаева, А.Кішкенбаев, Б.Қорған, М.Сәдуақасова, Қ.Нұртас және басқа да өнерпаздар әннен шашу шашпақ.

Дайындаған М.ҚУАНЫШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз