Шахмат пен дойбыдан сынға түсті. «Атырау-Ақпарат» ЖШС алғаш рет журналистер арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырды

 28 маусым – Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Атырау-Ақпарат» ЖШС жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында алғаш рет шахмат пен дойбыдан жарыс ұйымдастырды. Оған серіктестікке қарасты облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна», сонымен қатар, жеті аудандық газеттің қызметкерлері қатысты.

   Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аталған серіктестік директоры Ерболат Қаменов журналистер қауымы тек ақпарат жазып, жеткізуші ғана емес, сонымен қатар, ұшқыр ойлы маман иелері екендігін де баса айтты. Жарысқа шахматтан облысымыздың бас бапкері, облыстық шахмат федерациясының вице-президенті Сабырбай Ғайсин төрелік етті. Интеллектуалдық жарыс қорытындысы бойынша, шахматтан «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Өтеген Нәукиев жеңіске жетті. Ал, «Қызылқоға» аудандық газетінің тілшісі Бауыржан Бердіғалиев екінші жүлдегер ретінде танылса, «Атырау» газетінің бөлім меңгерушісі Меңдібай Сүмесінов ІІІ орынды жеңіп алды. Ал, әйелдер арасында Индер аудандық «Дендер» газетінің тілшісі Ақмарал Бокирова мен облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Надежда Тулина жүлделі І және ІІ орындарды бөлісті.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз