ШАҺАР ШЫРАЙЫ ҚАЙТСЕ КІРЕДІ?

Сейсенбіде «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен қала тазалығын сақтау, оның санитарлық ахуалын сауықтыру мәселесіне арналған отырыс өтті. Оған тиісті сала мамандары қатысып, көкейдегі ойларын ортаға салды.

СЫРТТАН  КІСІ 
КЕЛМЕСЕ,  КӨШЕ 
ТАЗАЛАНБАЙ  МА?

Жалпы, «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Саламат Дүйсенғалиевтің айтуынша, биылғы 15 тамызда қала тазалығына қатысты жүргізілген рейд кезінде талай кемшіліктің беті ашылған. Өкінішке орай, солардың көбін тосын жаңалық ретінде айтуға да болмас. Бәрі де бұрын қайталанып келе жатқан көрініс. Мәселен, жағалауды ластау, көшені бүлдіру, қоқыстарды шашу, т.б. қалалықтардың қанына сіңіп кеткендей.

Сол рейд барысында тұрғындар пікірі де тыңдалған. Көпшілік «Арнаулы автобаза» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорнының қызметіне ренішін білдірген. Қоқыстардың уақытында жиналмайтындығын айтады. Сондықтан, аталмыш мекеме директорының орынбасары Химеден Шмановтың уәжіне құлақ түрдік.

Оның айтуынша, қазір қолданыстағы контейнерлердің 60-70 пайызы жарамсыз көрінеді. Қоқыс алаңдары да жаңартуды қажет етеді. Рас, биыл 500 контейнер мен бес арнаулы техника келуі күтілуде. Келесі жылға да сұраныс жасалған. Бүгінде қырық шақты түрлі техника жұмыс жасайды.

Әйтсе де, кәсіпорындағы басты проблема – адам күшінің жетіспеуі. Мәселен, қала тазалығын қалыпты ұстау үшін 400 адам керек болса, бүгінде 230 кісі ғана бар. Солардың бәрі дерлік көршілес Өзбекстаннан келгендер. Араларында атыраулықтар жоқ деуге де болады. Мекеме басшыларының түсіндіруінше, мұндай ахуалдың қалыптасуына негізгі екі себеп бар. Біріншісі, жергілікті тұрғындар қолына күрек немесе сыпырғыш алып, көше тазалауды ар санайды. Шындығында, ешбір ата-ана ұл-қызын мұндай жұмысқа орналастырмайды. Одан да үйінде отырғанын қалайды. Мұның не дұрыс, не терістігін әркім өзі бағамдар.

Екіншіден, жалақының тым төмендігі ешкімді қызықтырмайды. Көше тазалаушылардың қолына тиетіні 35-40 мың теңге ғана. Бұл табыс іргелес Өзбекстанда біраз пұл болғанымен, қымбатшылық құрсауындағы Атырау үшін түк емес.

Осы орайда «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Кеңес Қосыбаев ортаға орнықты ой тастады. Оның пікірінше, егер жұмысшыларға оңды өндірістік жағдай туғызса, онда тазалық шарасына жергілікті тұрғындар да араласуы әбден мүмкін. Мәселен, түскі үзілісін уақытымен үйлестірсе, сүт секілді арнайы тағамын мезгілінде берсе, біраз қолдау емес пе? Қызмет киімдері де жеткілікті болғаны жөн. Бұл айтылғандарға өз тарапымыздан қосарымыз – жалақы мәселесін де шешкен абзал. Расында да, аз ғана айлыққа адамдарды зорлап апара алмайсың.

Сонда жергілікті жұрт тазалық шараларына қатыспаса, сырттан көлденең кісілер келмесе, қала батпаққа бата бере ме? Бүгін көше сыпырып жүрген қарақалпақтар ертең түгелімен еліне кетіп қалса қайтеміз? Олар да адам баласы, тұрмыстарының жайлы болғанын қалайды. Рас, Химеден Шмановтың айтуынша, келешекте 500 орындық жатақхана салу жоспарда бар. Қазір сырттан келгендер пәтер жалдап жүр. Оның өтеуін кәсіпорын басшылығы сыйақымен жабады. Бірақ, бұл да – мәселенің шешімі емес. Сондықтан, таяу уақытта күрделі құрылыс қолға алынбақ. Мүмкін, бұл да жергілікті жұртты тазалық жұмыстарына жұмылдыруға септігін тигізер. Ал, әзірге сырттан келгендерге иек артып отырмыз.

ЖЕКЕ СЕКТОРДА КОНТЕЙНЕРЛЕР 

ЖЕТІСПЕЙДІ

Жоғарыда айтылғанындай, қалада қолданыстағы контейнерлердің дені жарамсыз. Ал, сыртқы көшелерде орналасқан жеке секторда олар мүлдем жоқ. Сондықтан, тұрғындар тұрмыстық қалдықтарын көшеге шығарып қояды да, «Арнаулы автобазаның» көліктері жағалап жинап алады. Әйтсе де, Химеден Шмановтың айтуынша, осы істі ұйымдастыруда да шалағайлық бар. Мәселен, тұрғындарға қалдықтарды ауладан шығарып қоюдың уақыты ескертілген. Бұл көліктердің келу кестесімен сәйкестендіріледі. Бірақ, қалалықтар сол келісімді мерзімді сақтамайды. Соның салдарынан күні бойы көшеде тұрған қалдықтар желмен ұшып, төңіректің бәрін бүлдіреді. Осы орайда учаскелік полиция қызметкерлерінің пәрменді шарасы қажет-ақ. Әркімнің құрылыс материалдарын сыртқа шығарып тастайтыны тағы бар.

Жалпы, осы жеке секторға контейнерлер орнатуға бола ма? Атырау қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Гүлнәр Сүлейменованың айтуынша, мұның да өзіндік қиындықтары бар екен. Өйткені, қазіргі беріліп жатқан жер телімдері бірімен-бірі іргелес жатыр, тұрғындардың аулалары өзара қабысып кеткен. Сондықтан, олардың арасында контейнер қоятын орын да қалдырылмаған. Ал, қолданыстағы тәртіп бойынша контейнерлер тұрғын үйден 25 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Ендеше, кім оны өз үйінің тұсына орнатуға рұқсат етеді? Осы мәселе о баста ескерілуі керек еді. Тіпті кейбір бұрынғы қоқыс алаңдары қазір тұрғын үй салуға жер телімі ретінде беріліп кеткен. Сонда жаңасын тұрғызбақ түгілі, қолда бардан айырылып қалыппыз.

Тағы бір мәселе – қала іргесіндегі селолық округтерге қатысты. «Арнаулы автобаза» облыс орталығын ғана қамтиды. Сондықтан, оның төңірегіндегі елді мекендердің тазалығы сол округтер әкімдеріне жүктелген. Солар тендер өткізіп, бұл жұмысты кәсіпкерлерге тапсырады. Міне, осы істе шалалық бар. Тазалыққа жауапты бизнес иелері жинаған қоқыстарды арнаулы орынға жеткізудің орнына кез келген жерге төге салады. Мұны жасырын істейтіндіктен, қолға түсіру де қиын. «Ұсталмаған ұры емес» деген емес пе? Немесе, қоқыстарды уақытында жинамай, жұртшылықтың ренішін туғызады. Сондай тұрғындар «Нұр Отан» Атырау облыстық филиалына да жиі шағымданады екен.

Осы орайда Саламат Дүйсенғалиев жақында ғана сайланған село әкімдерінің міндетіне елді мекендердің тазалығы да кіретіндігін, ендеше халық сеніміне ие болған шенеуніктерден бұрынғыдан да белсенді қызмет талап етілетіндігін ескертті.

Қаланың бас санитарлық дәрігеріне буландыру алаңы мен қоқыстар полигонының ахуалы жөнінде де сауал берілген. Мәселен, соңғысының әсерінен «Самал», «Жұлдыз» ықшам аудандарының тұрғындары әбден зардап шегіп отыр.

Гүлнәр Сүлейменованың айтуынша, Атыраудағы қоқыстар полигонының қолданысқа енгізілгеніне 40 жылдан аса уақыт болыпты. Оны жаңасымен ауыстыратын уақыт әлдеқашан жетті. Оның үстіне, бұл тәуекелдік деңгейіне орай жылына бір-ақ рет тексерілуге жататын нысан екен. Соңғы тексеру кезінде де бірнеше кемшілік анықталған. Соның қорытындысымен санитарлық дәрігерлер полигон басшылығын сотқа берген. Таяуда іс қаралмақ. Бірақ, полигонды толық жауып тастауға шешім шыға қоймас. Ол үшін осындай өзге нысан қажет қой. Ал, тағы да айыппұлмен жазалау жағдайды жөндей қоймайды. Негізі, Химеден Шмановтың айтуынша, жаңа полигон тұрғызуға жер телімі іздестірілуде. Қалдықтарды өңдеу зауытының құрылысы да ұзаққа созылуда.

Ал, буландыру алаңына келетін болсақ, ол – қаланың сол жақ жағалауындағы барлық қалдықтың жинақталатын жері. Әйтсе де, сарқынды сулар еш тазаланбастан осында төгіліп жатыр. Оның үстіне, көлденең көліктер де кеш қараңғысын жамылып, түрлі нәрсені ақтарып кетеді. Тіпті мұнда мұнай қалдықтары да байқалады.

КӨШЕ  ТАЗАЛАУДАҒЫ КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ

Жалпы, Атырау облыстық экология басқармасы зерттеу-сараптамалық  бақылау бөлімінің басшысы Жолдасқали Телағысұлының айтуынша, қалада орнатылған сегіз станса атмосфералық ахуалды бақылауға мүмкіндік береді. Сайып келгенде, солардың көмегімен жағымсыз иістің қай күні қай жақтан шыққанын дәл анықтауға болады.

Қазір кәсіпкерлерді жоспарсыз тексеруге де рұқсат жоқ. Бірақ, халықтан оның денсаулығына зиян келтіретіндей нақты шағым түсіп жатса, онда, әрине, араласуға тура келеді. Бүгінде Атырау мұнай құбырлары басқармасында жоспарлы тексеру жүріп жатыр. Ол да – қала ауасына әсер ететін нысандардың бірі.

Отырыста қозғалған тағы бір мәселе – қолданыстағы ртутты шамдарды қайда тапсыру жайы. Сөйтсек, бізде оны залалсыздандырумен тек қана «Вест Дала» мекемесі шұғылданады екен. Яғни, соған тапсыру керек. Ал, тұрғындар осы талапты сақтай ма? Энергияны үнемдейді деген үмітпен кезінде соны алғандар енді шамның ішіндегі ртуттан қорқып та жүрген секілді. Ендеше, қалада соларды қабылдайтын орындарды көбейткен жөн. Әйтпесе, қатерін білмейтіндер кез келген жерге лақтырып тастауы әбден ықтимал.

Кеңес Қосыбаев пластикалық ыдыстарды, полиэтилен қапшықтарды жинайтын орын ұйымдастыруды да ұсынды. Расында да, азды-көпті ақшасын берсе, тұрғындар оларды өздері-ақ әкеліп тапсырмай ма? Оның айтқан тағы бір мәселесі – көше тазалаушылардың көзбояушылыққа баруы. Мәселен, жағалауды жинастырып жүріп, қалдықтарды сол жерге көме салады екен. Немесе көшедегі шабылған шөп бірнеше күн жатады. Соның салдарынан түнде әлдекімдер келіп өртеп кетсе, маңайын қою түтінге көмеді.

ТҮЙІН

…Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тұрғындардың өз қаласын таза ұстауға үлес қосуына келіп тірелді. Қоқысты көліктен лақтыра салу, қоғамдық орындарды бүлдіру – мәдениетті адамның ісі емес. Оның үстіне, жеке секторда тек ауланың іші ғана емес, оның айналасы таза болуы да шарт. Бір көшеден жиналған қоқысты екіншісіне төге салу тазалыққа жатпайды. Осыны әркім санасына сіңіріп, ұл-қызына жеткізгені жөн. Өйткені, расында да, тазалық өзімізден басталады.

Меңдібай СҮМЕСІНОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз