«СЕРПЕРДІҢ» КЕМЕЛ КЕЗЕҢІ

Құрманғазы ауданының айнасы «Серпер» газетінің шыға бастағанына сексен бес жыл толу мерекесі С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде аталып өтті. «Оқырманның сенімді серігі – «Серпер» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияны «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Төлеген  Берішбай ашып, ұжымды мерейлі сәтпен құттықтады.

Алғашқы құттықтау сөзді аудан әкімі А.Барақатов алды. Ол ұжымға шығармашылық табыс тілеп, «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелұлына Құттықтау хат пен сандық фотоаппарат табыс етті.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Төлеген Берішбай газет ұжымына облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның Құттықтау хатын табыс етіп, ардагер журналистер Мадат Сәрсекеевке, Қыдырсиық Құсайыновқа, газетте ұзақ жылдар есепші болған Дәулет Дәулекеновке, ардагер журналист Рахмет Иманғалиевқа сый жасады. Сондай-ақ, корректор Гүлхат Сәрсекееваны, теруші Гүлдана Бралиеваны, журналист Айнагүл Шакупованы облыстық ішкі саясат басқармасының Құттықтау хатымен, «Серпер» газетінің  ұжымын, ауданның әр ауылының қаламгерлерін, мекеме басшыларын, бұрынғы баспахана қызметкерлерін, басылымға жазылуды ұйымдастыруға үлес қосып жүрген округ әкімдерін Алғыс хатпен марапаттады.

Қазақстан Журналистер Одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Қуандық Батыров бір топ қызметкерді Қазақстан Журналистер Одағының дипломымен, «Республикалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының Алғыс хатымен марапаттады. Ол сонымен бірге «Серпер» газетінің тілшісі Айнагүл Шакупованы Қазақстан Журналистер Одағының мүшелігіне қабылдады. «Серпердің» біраз жылдар бас редакторы болған, бүгінгі «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Төлеген Беріш-байға «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағының берілгенін айтып, төсбелгісін табыс етті.

Келесі кезекте «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімше-сінің бастығы Ниетжан Ғабдуллин, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов, «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы Фархад Балғожиев, «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин осы газеттің ұжымына жүрекжарды тілектерін жолдады. Аудандық агротехникалық колледж директоры Ш.Жәлелов ақ тілегін ақтарса, ардагер ұстаз Рахмет Ниетқалиев «Серперге» арнаған өлеңін оқыды.

Конференцияны «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры Төлеген Берішбай қорытындылады.

Руфина Темірғалиева,

Құрманғазы ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз