Жарнама
Қоғам

«Сенің бастамаң» гранттарының жеңімпаздары марапатталды

Атырау облысы Жастар ресурстық орталығы өңір жастарының әлеуметтік белсенділігін арттыру және азаматтық бастамаларын қолдау мақсатында жүзеге асырып жатқан «Сенің бастамаң» гранттық жобасының қорытынды марапаттау кеші өтті.

– «Сенің бастамаң» жобасы — жастарды қоғам өміріне белсенді араласуға, жаңа идеялар ұсынуға және өз әлеуетін іске асыруға шақыратын платформа. Жобаға 18 бен 35 жас аралығындағы жұмыссыз, шығармашыл әрі белсенді жастар қатысып, өздерінің әлеуметтік маңызы бар жобаларын ұсынды. Жоба барысында қатысушылар экологиялық, мәдени, білім беру, еріктілік, спорт және әлеуметтік салалардағы идеяларын қорғап, оларды қоғам игілігіне енгізу жолдарын ұсынды. Нәтижесінде 10 үздік жоба іріктеліп, әрқайсысы 500 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болды,- деді Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Сағидоллақызы.

Іс-шара барысында жеңімпаздардың жобалары таныстырылып, үздік бастамалар көпшілік назарына ұсынылды.

Тоғжан ЕРМЕК
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button