Жарнама
Қоғам

Сарайшық пен Лотос алқабы – өңір туризмінің жаңа бағыттары

Атырау облысына туристердің келу көрсеткіштерінің өсуі және туризм саласына тартылған инвестициялардың екі есеге артуы — өңір үшін үлкен жетістік әрі қуанышты жаңалық. Биылғы алғашқы жартыжылдықта 83 мыңнан астам туристің келуі, өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға өсуі, туризмнің экономикалық әлеуетін нақты көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш тек туристердің қызығушылығын ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуы, инфрақұрылымның дамуы және жергілікті бизнестің қолдау табуына мүмкіндік береді.

Ортағасырлық Сарайшық пен Қиғаш өзеніндегі Лотос алқабын дамыту бойынша басталған жұмыстарды толық қолдаймын. Бұл тарихи және табиғи нысандарды сақтап қана қоймай, Атыраудың туристік картасында жаңа тартымды бағыттар ашуға, сондай-ақ жастарға мәдени және тарихи сананы қалыптастыруға ықпал етеді.

Мәслихат депутаты ретінде мен туризм саласындағы жобалардың тұрақты дамуына заңнамалық және әлеуметтік қолдау көрсетуге әрдайым дайынмын. Сондай-ақ, саланы дамыту арқылы өңір тұрғындары үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашылып, Атырау облысының беделі мен туристік әлеуеті одан әрі арта беретіндігіне сенімдімін.

Нұрлыбек ДАРАЛИЕВ,
Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button