САЛЫҚҚА САЛҒЫРТТЫҚ ЖАТ

Салық заңнамаларын іске асыруда бүгінде пәрменді шаралар қолға алынуда. Соның бірі  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «5 реформа және 100 нақты қадамында» айқын көрініс тапты.

 

Мемлекет басшысы салық қызметі саласында мүлікті заңдастыруды жеңілдету, салықтық кіріс пен шығысты жалпы декларациялауды енгізу, оны қабылдау мен өңдеудің орталық желісін құру, жанама салықтарды өндіру механизмдерін жетілдіру, қолданыстағы салық режимдерін оңтайландыруды ұсынды.

Бұл тапсырмалар негізінде Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бірқатар жұмыс атқаруда.  Мәселен, салық органы қызметкерлерінің салық төлеушілермен тікелей байланысын азайту жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің ғана емес, жеке тұлғалардың ақпараттарын қабылдау және өңдеу орталықтарының жұмыстары жетілдіріліп, екі жақты байланыс іскерлік сипатқа айналуда.

Елбасы салық төлеушілер үшін «онлайн» электрондық есептілік тәртіптемесіне ауысуды белгілеген болатын. Сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресті күшейту бағытында да бірқатар жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, салық органдарының жұмысын автоматтандыру, адам факторы ықпалын болдырмау, сыбайластық  факторларын азайту, салықтық әкімшілік тиімділігін көтеру үшін республикалық салық комитеті камералдық бақылау  тұжырымдамасын жасаған болатын. Оны бүгінде біз басшылыққа алып жұмыс жасаудамыз.

Ұлт жоспарының 44-ші қадамындағы жанама салық тетіктерін жетілдіру бағыты бойынша ендігі жерде тауар өндірушілерді қосымша құн салығынан босату көзделіп отыр. Оның орнына сатылған өнімнен салық алу кәсіпкер үшін де, ел экономикасы үшін де тиімді болмақ.

Сондай-ақ, салық есептіліктері мен декларацияларын тапсыру электронды түрде орындалуда. Бүгінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне кірістер бойынша қызметтің 32 түрі енгізілген. Соның ішінде 23-ін немесе 70 пайызын электронды түрде алуға мүмкіндік бар. Салық төлеушілерден салықтық есеп қабылдау, салық берешегі бойынша анықтама беру және арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге патент беру қызметтерін мінсіз атқару – міндетіміз.

Бекболат БИСЕНБАЕВ, Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз