РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕН – ЖҮЛДЕМЕН!

Жылма-жыл Қызылорда қаласында 14 пен 29 жас аралығындағы өнерлі жастардың «Ән бізді біріктіреді» атты республикалық фестивалі өтіп тұрады. Биыл ол Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналды. Аталған фестивальге Атыраудан өнерлі 12 жас қатысты.

Мүмкіндіктері шектеулі бола тұра жанына өнерді серік еткен олардың бірі тамылжыта ән салса, екіншісі музыкалық аспапта тамаша ойнайды. Үшіншісі мың бұрала би билейді. Фестиваль барысында «Жаса» вокалды-аспапты ансамблі мен шығыс биін орындаған Ақерке Боран – жүлделі бірінші орынды, домбырашы Кәмшат Уахитова – екінші орынды, ән орындау шеберлігінен Ринат Сиражев пен Ақерке Боран үшінші орынды иемденді. Жүлдегерлердің бәрі арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Фестивальге қатысушылардың барлығына Алғыс хат табыс етілді. Ал, біз өз тарапымыздан үнемі қамқор көзқарас танытатын облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, қаржымен қарасқан «Эра» ЖШС директоры Сәбит Құспановқа алғыс айтып, зор ілтипат білдіреміз, – дейді «Өмір гүлі» ансамблінің жетекшісі Тыныш Жақыпова.       

 Лиза СЕЙТІМОВА.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз