РАХМАН – РЕСПУБЛИКА ЧЕМПИОНЫ!

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай Талдықорған қаласында жазғы спартакиада аясында бокстан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті. Осынау байрақты бәсекенің 91 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық сынында жерлесіміз Рахман Әлжанов Алматы облысының былғары қолғап шебері Арбек Әбдуғаниевті ұпай санымен жеңіп, ел біріншілігінің алтын алқасына қол жеткізді.

Былтырғы Моңғолияның Бай-өлке аймағында “Ulgii cup 2014” халықаралық турнирінің, биылғы VII Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов атындағы халықаралық мемориалының жеңімпазы болып, Атырау боксының мәртебесін асқақтатқан Рахман енді ел чемпионы атанып отыр.

Ал, 69 келі салмақ дәрежесінде ақтық сынға шыққан тағы бір жерлесіміз Азамат Досмағамбетов Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Бекзод Халметовтен жеңіліс тапты. Азамат үшін күміс медаль да үлкен жетістік.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз