Қызылқоға ауданының әкімі бруцеллез ауруымен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты

452534e3d7afc8d0a0381a4fe94a5163 1 Жаңалықтар

Бұл туралы онлайн брифингте Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ауданда жыл сайын мал ауруына қарсы 10 түрлі вакцина салынуда. Екпе салынатын жұқпалы аурулар қатарында құтыру, сібір жарасы, оба, қарасан бар.

– Күні бүгінге дейін 25638 бас мүйізді ірі қара, 90910 бас қой-ешкі, 495 бас түйе малы тексерілді. Нәтижесінде 90 бас мүйізді ірі қара, 646 бас қой-ешкі, 17 бас түйе малдарынан ауру анықталып отыр. Бруцеллез ауруы расталған 121 ошаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді, – деді аудан әкімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз