Қысқа дайындық: Атырауда жол жағдайын тексеру басталды

whatsapp image 2021 10 15 at 11.22.14 Қоғам

Атырау облысындағы республикалық маңызды жолдардың ұзындығы 1120 шақырым. Оның 719 шақырымының қысқы маусымда күтіп ұстау жұмыстарын «Қазақавтожол» ЖШС жүргізеді. Жолдың қалған бөлігі қайта жаңғыртылуда, деп хабарлайды atr.kz
Жыл сайын күз айларында жолдардың қысқа дайындығы тексеріледі. Биыл да құрамында Әкімшілік полиция басқармасы, төтенше жағдайлар департаменті, Атырау көлік прокуратурасы, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалы өкілдері бар арнайы комиссия іске кірісті. Олар қыс мезгілінде жолды қар және мұз құрсауынан тазалап, жолаушының діттеген жеріне жетуіне мүмкіндік жасайтын «Қазақавтожол» ЖШС қолданатын арнайы техниканың жай-күйі мен инертті материалдардың /тұз, құм/ сапасын тексерді. Нәтижесінде Қазақавтожолға қарасты бірнеше техниканың істен шығып тұрғаны анықталып, қазанның 25-не дейін жөндеуге уақыт берілді. Сонымен қатар, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өкілдері инертті заттардан сынама алып, зертханада тексерді. Құрамының талапқа сай екені анықталды.

whatsapp image 2021 10 15 at 11.22.20
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз