Жарнама
Қоғам

Құтқарушылардың игі ісі

Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Республика күні және Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай «30 игі іс» атты экологиялық акция өткізді.

img 4261
Screenshot

Акцияның мақсаты – өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпаққа қоршаған ортаға жанашырлықтың маңызын түсіндіру.

Іс-шара барысында құтқарушылар қаладағы білім ордасының ауласына 30 түп ағаш отырғызды.

— Табиғатты қорғау мен айналаны көгалдандыру – әр азаматтың парызы. Біздің мақсатымыз – жас буынға үлгі болып, туған жерге қамқорлық сезімін қалыптастыру, — дейді шараға қатысқан қызметкерлер.

Атыраулық құтқарушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button