Қоларбаға таңылған тағдыр

screenshot 14 2 Қоғам

АТА-АНАНЫҢ МЕЙІРІМ-ШАПАҒАТЫНА БӨЛЕНІП, БАУЫР-ҚҰРДАСТАРЫМЕН ТАЙҚҰЛЫНДАЙ ТЕБІСІП, САУ-САЛАМАТ БАҚЫТТЫ КҮЙ КЕШУ КІМ-КІМГЕ ДЕ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ КӨРІНЕР. АЛАЙДА, БҰЛ БҮГІНГІ КЕЙІПКЕРІМІЗ ҮШІН ҚОЛ ЖЕТКІЗБЕС АРМАН БОЛЫП ТҰР. БАРДЫҢ ҚАДІРІН ТҮСІНБЕЙ ЖҮРГЕН ЖАНДАРҒА АЛЕКСАНДР ЧЕЧИННІҢ ӨМІРІ САБАҚ БОЛАР МА ЕКЕН…

Өмірін өзгерткен күн

Бірінші топтағы мүгедектігі б а р А л е к с а н д р Ч е ч и н н і ң қаладағы облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған №4 арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығына келгеніне үш жылға жуықтаған. Астындағы қ о л а р б а с ы н а д а м д а р д ы ң көмегінсіз қозғалта алмайтын мұқтаж жігітті осы орталықта ж о л ы қ т ы р д ы қ . Б ұ л к ү н і облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері де əлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған шараға қатысуға, ұжымды құттықтауға келген екен.

Ө з д і г і н е н а я қ – қ о л ы н қимылдатуға шамасы жоқ А л е к с а н д р д ы ң қ о л а р б а д а шарасыз байланып отырғанына о н а л т ы ж ы л д ы ң к ө л е м і болыпты. Махамбет ауылындағы орта мектепте оқыған ол 2006 жылы Сарайшықтағы кəсіптік т е х н и к а л ы қ у ч и л и щ е н і ойдағыдай тəмамдап, фермер мамандығын алып шығады. Көп кешікпей коммуналдық шаруашылық кəсіпорынға электрик болып жұмысқа орналасады. Əскер қатарына баруды ойлап жүрген кезде шақырту қағазы да келеді. Алайда, пенде маңдайына жазылғаннан қашып құтыла алған ба?

Жұмысқа тұрғанына екі үш күн ғана болған арманы асқақ жігіттің тағдыр-талайына жазылған оқиға оның өмірін түбегейлі өзгертті. Туыстарымен бірге қыдырып, суға түсіп, сергіп қайтуға барған ол бақытты күндерінің келмеске кетерін сезген де жоқ. Абайсызда тайыз суға секіріп, мойын омыртқасын қатты зақымдап алады. Кейін жансақтау бөлімінде оянған оны алда не күтіп тұрғаны беймəлім еді. Арада апта, ай өтеді. Тағайындаған емнің ешқандай нəтижесі бола қоймайды. Содан соң ауруханадан шығып, дəрігерлер біраз уақыт үйден күтінуге кеңес береді.

– О л у а қ ы т т а о ң а л т у орталықтары жоқ кезең. Аяққолым сал болып жансызданып қалған. Осы себепті жарты жылдан соң дəрігерлер мүгедектік тағайындап, жəрдемақы алу керектігін ескертті. Ал, менің «жүріп кетемін» деген үмітім болған. Басында басқалардың мені қасықпен тамақтандырып, жақындарым мен достарымның бұрынғыдан басқаша көзқараспен қарағанына көңілім құлазитын. Мүгедектікті қабылдау қиынға түсті. Сондықтан бес жылға дейін далаға шығып, қоларбада отыруға ұялдым. Мүгедектік тағайындалған соң, оңалту орталығына барып, ем қабылдай бастадым. Ол жерде өзім секілді қоларбадағы адамдарды кездестірдім. Менің қоларбаға отыруыма кеңес берген де солар. Б о л а ш а ғ ы м б ұ л ы ң ғ ы р , өмір сүру мағынасыз болып, тамақтан бас тартқан кезімде анам үнемі «бəрі жақсы болады, мен əрдайым жаныңда боламын» деуші еді.

Анамның жасқа толы көздері мен жылы сөздері маған қолдау беретін. Мен үшін алаңдаған ең жақын жанның уайымын сейілту үшін де депрессиядан шығып, өз өзімді қолға алуыма тура келді. Он жыл бойы анам екеуміз бір бірімізді демеп, қолдап өмір сүрдік. Менің аяққа тұрып кетуімді армандаған ол 2016 жылы қан қысымы көтеріліп, көз алдымда қайтыс болды, – деді Александрдың көңілі босап. Анасының қазасы ол үшін ауыр соққы болды.

screenshot 15

Орталық ұясына айналды

«Тірі адам тірлігін істейді» демекші, осы жағдай жүрегіне жара салғанымен артындағы ə к е с і м е н е к і б а у ы р ы н а , ауылдастарына арқа сүйеп, шүкіршілік етеді. Бүгінде қалада тұратын отбасылы апасы мен қарындасы үнемі жағдайын біліп тұрады. Александр мүгедектік алған алғашқы жылдары оңалту орталығына жиі барып, өзі секілді мүгедектігі бар жандардың ө м і р г е д е г е н ұ м т ы л ы с ы н көріп, пешенесіне жазылған тағдырға мойынсұнды. Кейін интернет пайда болған уақытта компьютерге қол жеткізіп, пернетақтаны теруді үйреніп алды. Электронды пошта ашып, жаңа достар, жаңа орта тапты. Ұялы телефон да оның ермегіне айналады.

Анасы қайтыс болғаннан кейін жағдайы бұрынғыдан гөрі қиындап, қаладағы əлеуметтік қызмет көрсету орталығына баруға шешім қабылдайды. «Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ» дегендей, туған апасы мен қарындасы отбасылық жағдайларына байланысты бауырларының қасында жиі бола алмайтын болды. Əкесі де Александрдың қасында үнемі отыруға уақыт таба бермейтін. Ал, күтуші қызметіне отбасының қалтасы көтермеді. Басына түскен сан-сынаққа болаттай берік оның сабырлылығына өзгелер де таңғалатын. Оның үстіне үйіне жақын орналасқан мешіттен шыққан əуезді азан мен имамның имандылыққа ұйыстырар ұлағатты сөздері оның жүрегіне орныға бастады. Бұрыннан қазақы ауылда өсіп, қазақтың салт-дəстүрін сіңіріп өскен Александр көп кешікпей саналы түрде ислам дінін қабылдап, өзіне Əбдуррахман деген мұсылманша есімді иемденді. Бүгінде Александр өзі тұрып жатқан 100-дің үстінде адамға қызмет көрсететін орталықтағы жағдайдың жақсы екендігін айтады. Дегенмен, балалығы өткен ауылын, шаңырағын сағынатынын да жасырмайды. « Ж ы ғ ы л ғ а н ғ а ж ұ д ы р ы қ » демекші, əкесі де биыл жазда дүниеден озды.

– О с ы д а н т ө р т ж ы л бұрын Махамбет халқы ғана емес, Қазақстанның түкпір түкпірінен маған электронды қоларба алып беру үшін қаражат жиналды. Ауылдастарым ауыр жағдайда жалғыз қалдырмай, əркез жəрдемдесіп келді. Бөліп жаратыны жоқ, əлі күнге дейін мейірімді жандар маған қолдау көрсетіп, қолұшын созып отырады. Тағдырдың жазуымен əртүрлі сынаққа кезіккен жандармен пікірлесіп, кездесіп тұрамыз. Халық арасында «Көңіл көңілден су ішеді» деген терең мағыналы сөз бар. Əсіресе, мүгедектігі бар жандардың қамқорлыққа зəру екендігі белгілі. Сондай-ақ, мемлекет есебінен протез-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық, міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторий к у р о р т т ы қ е м д е л у м е н қамтамасыз етіп отырады.

Ол үшін оңалтудың жеке бағдарламасы болуы талап етіледі. Қай уақытта да елеп-ескеріп, көңілімізді б і р л е п ж ү р г е н барша ағайынға, жанашыр д о с т а р ғ а р а қ м е т айтқым келеді. Əлеуметтік сала қызметкерлеріне, əсіресе №4 Арнаулы əлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымына зор алғыс білдіремін. Тағдырым қоларбаға таңылғанымен мен өмірді сүйемін, – деген Александр алпауыт компанияның арнайы көтеріп-отырғызуға арналған жылжымалы көтергіш құрал сыйлағанын мақтанышпен ж е т к і з д і .

О р т а л ы қ т а ғ ы қызметкерлердің көбі əйел адам екендігін ескерсек, бұл үлкен көмек болғандығы анық. Мынау тірлікте Александр секілді шарасыз күйге түскен қ а н ш а м а ж а н д а р ғ ұ м ы р кешуде. Сол жандарға қарап денсаулықтың қадірін түсініп, өмірдің мəнін ұғып, кездесер сəтсіздіктер мен болмашы кедергілерге бола өмірден баз кешетін жандар ойланса керек. Он екі мүшең түгел, деніқарының сау болса басты байлық сол емес пе?

Алмас ҚАБДОЛОВ

суреттер автордікі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз