Жарнама
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет

Халықаралық Қарттар күніне орай Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі орташа №15 мекемесінде жазасын өтеушілердің қатысуымен тағылымды мәдени іс-шара өтті.

Мекемедегі сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психология жұмысы бөлімінің бастығы, әділет майоры Ринат Байжанов мерекелік шараны ашып, жазасын өтеушілерді қарттар күнімен құттықтады.
– «Қариялар қазынамыз ғой. Бүгінгі ұрпақтың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі өсиеті осы қазыналы қарттарымыздың арқасы. Сондықтан біз қарттарымызға әрдайым құрметпен қарап, оларға шынайы ілтипат көрсетуіміз қажет. Мерекелік шараның басты мақсаты да қарттарға ізет білдіре отырып, рухани құндылықтарды насихаттау, кітап оқуға деген құштарлықты арттыру», — деді ол өз сөзінде.
Мекеме әкімшілігінің бастамасымен ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – қарттарға сый-құрмет көрсетіп қана қоймай, «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйыламыз» деген ұран аясында жазасын өтеушілерді кітап оқуға баулу, рухани даму мен мәдениетті кеңінен насихаттау болды. Шара барысында кітаптың тек білімнің қайнар көзі ғана емес, сондай-ақ тұлғалық өсу мен ой-өрісті кеңейтудің негізгі құралы екендігіне ерекше назар аударылды.
Қазіргі таңда аталған мекемеде зейнет жасындағы 19 сотталған адам жазасын өтеуде. Олардың арасынан 10-ы мерекелік кешке қатысып, өз өнерлерін паш етіп, бірнеше бөлімнен тұратын сайыстарда бақ сынады. Әрқайсысы білім деңгейін, өмірлік тәжірибесін көрсетіп, көрерменге әсерлі ой тастады.
Мерекелік шара тартымды әрі тәрбиелік мәні зор форматта өтті. Бұл қарттарға назар аударып, олардың қоғамдағы орнын айқындау ғана емес, сондай-ақ сотталғандардың құндылықтық бағдарын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды қадам болды.
Кеш соңында мекеме бастығының атынан белсенді қатысқан азаматтар марапатталып, ал қарттар көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button