Театрдың иісін иіскеп кетуші еді…

CHapay Z LHASH memlekettik stipendiya iegeri Мәдениет

Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Аты аңызға айналған атақты режиссер Чапай ағамыз – арамыздағы аға буын ішінде ерекше мақтан тұтар тұлғамыз еді. Енді ол да жарық жалғанмен қош айтысып, келместің кемесіне мініп кете барды…

Осы киелі Атырау топырағында кімдер келіп-кетпеген десеңізші. Бірақ, өнер тарихынан ойып орын алған жанның бірі – Чапай Зұлхаш деп нық сеніммен айтар едім. Алматыдан қанат қағып, Атырауына оралғандағы мақсаты – қазыналы құт мекендегі мәдниет, соның ішінде театр саласын көркейту болатын. Солай етті де. Бір қызығы, сол Алматыдағы жас актерлар бүгінде емтихан тапсырғанда осы кісі жөнінде ізденеді екен.

Ағамыздың әуелгі аты Сағындық екенін естуші едім. Бала кезінде «мен Чапаймын» деп жүгіріп жүретін көрінеді, содан сол атпен халық арасында кеңінен аталып кеткен деседі. Өмірінің соңғы жылдарында куәлігіне де сол есімді енгізді.

Ол өзімен замандас болған Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев секілді небір мықтылармен байланысы үзілмегенін айтып отыратын. Кейінгі толқын жастармен де санасып, пікірлерін біліп отыратын. Біздер сол кісінің бір ауыз сөзі мен жүріс-тұрысына қарап бой түзейтінбіз.

Ағамыз жайлы ел ішінде тараған аңыз-әңгімелер мен қызықты оқиғалар өте көп. Солардың бірі, ол тетарға баратын болса, үйінен шыға берісімен ештеңе сұрамастан алдында тұрған көлікке мініп алады да, «мені театрға жеткізе сал» дейді екен. Оны барлығы танып, қатты құрметтейтіндіктен айтқанын екі етпейді.

Тағы бір қызығы, ол жасы ұлғайса да, тетарға клеуін тоқтатпаған жан. Қарашаңырақтың иісін иіскеп кетудің өзі бір ғанибет екенін айтатын. Чапай аға бәріміз үшін де ақкөңіл, періштедей пәк күйінде жадымызда мәңгіге жатталады. Иманы жолдас, жаны жәннатта болғай.

Әміржан НҰРЛАНҰЛЫ,

Атырау жастар театрының жетекшісі, актер.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз