Қасым-Жомарт Тоқаев орман өртінен зардап шеккендермен кездесті (+ФОТО)

2209051452279825g Қоғам

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында орман өртінен зардап шеккендермен кездесті, деп хабарлайды bort_01 телеграм-арнасы.

Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады.

Мемлекет басшысы Әулиекөл ауылындағы мектепте орналасқан эвакуациялау пунктінде зардап шеккен азаматтармен кездесіп, гуманитарлық көмек тарату пунктіне барды.

2209051452206439g
2209051452255387g

Зардап шеккендермен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет қиын жағдайды еңсеру үшін барлық шараларды қабылдайтынын айтты.

«Өкінішке қарай, үлкен өрт болды. Дегенмен тиісті көмек көрсетіледі. Сіздердің баспанасыз қалғандарыңызды білемін. Үкімет екі, екі жарым айда сіздерге бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жаңа үйлер салып береді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент еріктілермен әңгімелесіп, оларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

2209051452226102g
2209051452233928g
2209051452261252g

Фото: t.me/bort_01

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз