
Қарттар күні: «Ауыл» партиясы ардагерлерге құрмет көрсетті
Атырауда Қарттар күніне орай «Ауыл» партиясының Атырау облыстық филиалында ардагерлерге арналған мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиында 20 ардагерге «Ауыл» партиясының 25 жылдығына арналған мерекелік төсбелгі мен естелік кітапша табыс етілді. Партияның облыстық филиалының төрағасы Нұртас Байжанов ардагерлерді мерекемен құттықтап, партия тарихына қосқан үлестері үшін алғыс айтты.

Шара барысында елге сыйлы ақсақал Ақмырза Байырқайыровтың 85 жас мерейтойы аталып өтіп, оған арнайы құттықтау табысталды.

Сонымен қатар, филиалдың консультанты Арсен Смайлов ардагерлерге «ChatGPT» бағдарламасын пайдалану бойынша шеберлік сағатын өткізіп, цифрлық сауаттылықты арттыруға үлес қосты.
Іс-шара соңында дастархан жайылып, қазақы дәстүр дәріптелді. Жиналған ақсақалдар жүрекжарды тілектерін айтып, ақ баталарын берді.



