Қамкөңіл жандарға қамқорлық

whatsapp image 2021 07 26 at 16.31.17 Қоғам

«Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг Прокьюрмент С.А.Л. – Офшор» (әрі қарай – «ССЕР») әлеуметтік жағынан жауапкершілікті компания бола отырып  мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Таяуда компанияның атқарушы директоры Орақ Бисембиев Балықшы аймақтық мүгедектер қоғамының елу шақты мүшесіне «Лидер» супермаркетінің азық-түлік сертификатын табыстады.

«Баршаңызды ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт мерекесінің орны бөлек. Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам» – деді О.Бисембиев.

Балықшы аймақтық мүгедектер қоғамының төрайымы Әмина Нысанғалиеваның айтуынша, мүшелікте 750 адам бар. «Мүгедектер қоғамына үміт артып келген әр жанға барымызша қолдау көрсетеміз. Әрине, мұндай қолдау демеушілікпен жүзеге асады», – деген Ә.Нысанғалиева «ССЕР» компаниясының кезекті қолдауы үшін қамкөңіл жандардың атынан ризашылығын айтты.

Қайырымдылық шарасы  барлық санитарлық нормалар мен карантин ережелерін қатаң сақтай отырып өткізілді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз