ОТБАСЫ БАҚЫТЫ – БІРЛІГІНДЕ

№34 лингвистикалық мектеп-гимназияның мектепалды даярлық тобы мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ынтымақты отбасы» атты тренинг өтті. Тренингке оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты.

 

Мектепалды даярлық «В» сыныбының жетекшісі Сәуле Кабулова өзінің кіріспе сөзінде бала мен ата-ана арасындағы шынайы қарым-қатынас, бала тәрбиелеу ісінде жас ата-аналардың тәжірибесінің жеткіліксіз болатыны, «мектеп-ата-ана», «оқушы-ата-ана» байланысы нығаюы керектігі жайлы тереңнен толғады. Тренингте балалар мен олардың ата-аналары үшін «Қолынан танып біл», «Жалғасын тап», «Аяқталмаған сөйлем» атты ойлау мен талдауға арналған ойындар ойналып, психологиялық жаттығулар өткізілді.

Тренингті ұйымдастырушы қос ұстаз – Сәуле Кабулова мен Гүлнара Мажкенова өздерінің қатысумен «Ынтымағы жарасқан отбасы» атты көрініс көрсетіп, ата-аналармен бірге оның мән-мағынасын талқылады. Ал, екінші сынып оқушысы Сабина Сырымбет Мұқағали Мақатаевтың «Сәби-ана», «Бабаларым, рахмет сендерге!» атты өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Тренинг жұмысы «Жүректен жүрекке» бөлімімен аяқталып, соңынан «Ұрпаққа өсиет» әні орындалды.

Біз балаларға да, оларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға да көмек болар мұндай тренингтердің жиі өткізіліп отырғанын құптаймыз. Бұл пікірді барша ата-ана мен сарапшылар – У.Құралова, Г.Тлепиева, Н.Оразова, Р.Қуановалар құптап, психологиялық дамуға әсері мол тренингтің көңілден шыққанын баса айтты.

Лейла БЕКЗАТОВА,

ата-ана,

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз