ОРТАҚ ПІКІР БІР АРНАҒА ТОҒЫСТЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің елімізде Президент сайлауын белгіленген мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастамасын Атырау облысы бойынша кәсіпкерлер Палатасының қызметкерлері де толықтай қолдап, қуаттады.

 

Осыған орай, жұма күні мұнда басқосу өткізіліп, әріптестер ортақ ой-пікірлерін бір арнаға тоғыстырды.

– Мемлекет басшысының халыққа арнаған   Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау үшін елге барлық мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелі орындалысын тауып, басталған істі  соңына дейін жеткізе алатын сенімді, әрі зерделі Көшбасшы қажет, – деді алғашқы сөз кезегін алған Палата төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Ербол Қайранбаев.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін ең алдымен отандық тауар өндірушілерге қолайлы жағдай туғызып, бәсекелестік ортаны қалыптастыруымыз керек. Қазірде күн тәртібіне шығарылып отырған «Қазақстанда жасалған» деп аталған жалпыұлттық акцияны жалаң ұран күйінде қалдырмай, ақиқатқа айналдыруымыз шарт.  Сондықтан да, сайлауды мерзімінен бұрын өткізе отырып, таңдау жасауда қателікке ұрынбағанымыз абзал. Кәсіпкерлер кеңесінде айтылған әңгіменің түйіні осыған тірелді.

Дәулетқали АРУЕВ.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз