«ӨНЕРДІҢ ҚАЙТАЛАНБАС ӨР ТҰЛҒАСЫ»

Біртуар талант иесі, жезтаңдай әнші Ғарифолла Құрманғалиевтың туғанына 105 жыл толды. Осынау күнге орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында оның шәкірті, ҚР Мәдениет қайраткері Гүлмайдан Сүндет-қызының қатысуымен есте қаларлықтай шара өтті.  

 Көрнекті әнші, композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевке арналған «Өнердің қайталанбас өртұлғасы» атты тағылымдық шараға мұражай ұжымымен бірге Атырау агротехникалық колледжі студенттері де қатысты.Ерекше екпінді, дархан даламыздай кең тынысты тенор даусымен талайды тамсантқан, қазақ операсының негізін қалаушылардың бірі – Ғарифолла Құрманғалиев. Ол көзі тірісінде халық өнерінің бай мұрасын дүлдүл жырау Мұхиттың әндерін насихаттап, өзінен кейінгілерге қалдырды. 

 Шарабарысында мұражайда көрме ұйымдастырылды. Ғ.Құрманғалиевтың шәкірті, әнші Гүлмайдан Сүндетқызы ол кісінің сазгерлік, әртістік өнері жайында тебірене еске алды, әндерін орындап, тыңдармандар қошеметіне бөленді. 

Айгүл РАМАЗАНОВА, 
облыстық тарихи-өлкетану 
мұражайының ғылыми қызметкері.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз