ӨЛЕҢГЕ ҚОЙЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШ

Индер ауданының Жарсуат ауылындағы мына бір жаңалық жұртшылықты елең еткізді. Осындағы Махамбет атындағы орта мектептің 39-шы түлектері өздерінің жерлесі, ақын Қойшығұл Жылқышиевтің «Жарсуат жыры» атты өлеңінің үш шумағын ойып жазған ескерткіш тақтаны ауылдық мәдениет үйінің алдына орнатыпты.

Жалпы, ақынның шығармашылығы хақында Жәркен Бөдешов «Жол киесі», Оңайгүл Тұржанова «Махамбетке барар жол» поэмаларын, Сейілғазы Әбдікәрімов «Қай қазақтан кем едің?» көсемсөз кітабын, Қадыр Жүсіп «Қайсарлық лирикасы» ғылыми-зерттеу еңбегін, Шәміл Әбілтай «Қойшығұл» атты күй арнаған екен. Енді, міне, ауылдастары шайырдың  жырына деген  ыстық  ықыласын  ескерткішпен әдіптеген екен.

– Жақында өзім арнайы барып көргенде, көңілім ерекше толқыды. Көптен бері ресми тұрғыда шығармашылық кешім өтпегені, оқырмандармен жүздеспегенім осы сәтте ойыма оралды, – дейді ақынның өзі.

Өз тілшіміз.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз