ӨЛЕҢДЕГІ ӨР АҒАМ

Аманқос Аға, әзелден бері маған дос Аға,
Таусылмас талантты берген саған осы ара.
Ала бұлттарды ақша бұлттарға айналдырып жіберген
Алтын дейтұғын асыл да адал босаға.
Бұлғындай жайнап, бұлбұлдай сайрап бұл жалған,
Арманын айтар ақырын болса тыңдар жан.
Ақиық ақын осындай кезде ой тастап
Ағыл да тегіл төгеді екен жыр-Маржан!

Жыр-Маржан деген жүректен енген енші ғой,
Тірілік болса ірі болады деп жүр ой.
Бір үйден екі атақты ақын шығарған
Кереметтердің мекені екен ғой Кең Жылыой!
Перизат-жырға пендешілігін жеңдіріп,
Қошемет-құрмет жасайды Сізге Ел тұрып.
Тоқсан тоғызды аямай сыйлар мынау жұрт
Сексеніңізде әуелі сөйлесек дейді желпініп!
Аманқос Аға, әзелден маған дос Аға,
Таусылмас талантты берген саған осы ара.
Бәйтерек тамырың тереңге тартсын жайқалып
Шайқалғаның байқалып ешбір босама!

Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз