Өтініштерді қарау тәртібі және облыс басшылығының жеке қабылдау қорытындылары

kak czyplyata podveli gossluzhashhih Қоғам

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес «Е-өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы азаматтардың өтініштерін тіркеу және олармен жұмыс жаңа форматта жүргізілуде.

2021 жылғы шілде-қараша айларында «Е-өтініш» жүйесінде 10 460 өтініш тіркелді, оның 9741-ы орындалды, 719-ы қаралуда. Ағымдағы жылдың 11 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы  29 366  өтініш түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда (2020 жылдың 11 айында – 34 574 өтініш) 15%-ға төмендеген.

Есепті кезеңде облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен                         707 қабылдау ұйымдастырылып, 3801 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 494 азаматтың мәселесі оң шешіліп, 3307 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді.

Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 314 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 122 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 31 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 282 азаматқа қабылдау кезінде заңға сәйкес түсінік берілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінде және қала мен аудандар әкімдіктерінде ашылған фронт-офистерде азаматтарға «Open әкімдік» форматында қызметтер көрсетілуде.

Бұл ретте, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 2015 азамат өтініш білдірді. Олардың:  тұрғын үй – 513, денсаулық – 307, әлеуметтік көмек – 104, білім – 199, жұмыспен қамту – 181,  жерді пайдалану – 95, инфрақұрылым – 26, кәсіпкерлік – 62, құрылыс –27,  ономастика – 18, ауыл шаруашылығы – 22, қаржы -15, тағы да басқа мәселелер бойынша – 446. Барлығына «Осында және қазір» қағидаты бойынша жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық департаменттердің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің құзыретті лауазымды тұлғалары бекітілген кестелер мен өзара ынтымақтастық туралы жасалған Меморандумдарға сәйкес консультациялар мен түсініктемелер берілуде.

Өтініштердің қаралу мерзімдерін бұзуға жол бермеу, өтініш берушілерге формальды жауап берудің жолын кесу мақсатында мемлекеттік органдардың жұмыс сапасына мониторинг жүргізіліп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз