Жарнама
Қоғам

Өрт қауіпсіздігі — өзекті мәселе

Қазақстан Халық партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Халық аманаты» жобасы аясында “дөңгелек үстел” өтті.

Өрт қауіпсіздігі тақырыбын арқау еткен іс-шараның басты мақсаты – өңірдегі өрт қауіпсіздігі мәселесін талқылау, алдын алу шараларын күшейту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

img 6883

Басқосудың тақырыбына орай аймақта қалыптасқан ахуалды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Бағдат Абдуллин баяндады. Ол қабылданып жатқан шаралар мен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жыл санап облыста, әсіресе қалада «тілсіз жаудың» салдарынан орын алатын өрт оқиғалары мен өкінішті жағдайлардың азаймай отырғанын атап өтті. Бұған дәлел боларлық көптеген дерек-дәйектер келтірді. Сондай-ақ тіркелген өрт оқиғаларының негізінен тұрғын үй секторында есепке алынатынын айтты.

Балалардың «отпен ойнауының» да соңы орны толмас өкінішке ұрындыратынын, өрт оқиғаларының жылу беру маусымы мен жаз айларында жиілей түсетінін жасырмады. Сонымен қатар, материалдық та, моральдық та тұрғыдан орасан зор залал келтіретін, қоршаған орта мен табиғатқа зиян тигізетін орман және дала өрттерінің көбеюі жұртшылықты алаңдатып отырғанына тоқталды.

“Дөңгелек үстел” басындағы кездесуге кондоминиум нысандарын басқару жөніндегі сервистік компаниялардың, серіктестіктер мен кооперативтердің басшылары, халық қалаулылары мен қоғам белсенділері қатысып, өзекті мәселе төңірегіндегі ой-түйіндерімен бөлісті.

Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button