Ниджаттың рекорды әлемді таңғалдырды

спорт2Ауыр атлет Ниджат Рахимов Рио-2016 олимпиадасында алтын медаль жеңіп алып, Илья Ильиннің жоқтығын білдірмеді. Олимпиада ойындарының рекордын жаңарт-қан Ниджаттың өнері барша әлем жұртшылығының таңдайын қақтырды. Риода 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен ол жұлқи көтеру сайысында 165 келіні, ал, серпи көтеруде 214 келіні бағындырды. Сөйтіп, қос сайыс қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.
«Олимпиадаға барар алдында айтқанмын, қазір де қайталап айтамын, менің қарсыласым – тек қана зілтемір. Зілтемірмен ғана сайыс-қа түсемін. Басқа қарсылас көзіме көрін-бейді», – деп жауап берді Ниджат жеңісті сәтінде тілшілерге.
Ол – 2015 жылғы әлем чемпионы. Жасы 23-те. Ұлты – әзербайжан. Баку қаласында туған. 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Бүгінде Атырау қаласында тұрады. Ел құрамасы сапында Атырау облысынан қатысқан Ниджат көптің үкілеген үмітін ақтады. Оның ертеңіне де сенім-мен қараймыз. Чемпионға құрмет көрсету, оны жеңісімен құттықтау облысымыздың әр өңірінде ұйымдастырылмақшы. Қазақ елінің намысын қорғап жүрген Ниджат Рахимовтың алда әлі талай жеңісті күндері көп болатынына сенеміз.

Ниджат РАХИМОВ, ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы:
«АТЫРАУ ОБЛЫСЫНА РИЗАШЫЛЫҒЫМ ШЕКСІЗ»

– Мен чемпион атанғанда тек жаттығу жасаған кездерімді ғана ойладым. Осы жеңіске жету үшін қанша күш жұмсадым десеңізші. Өзгелер ұйықтап жатқан кезде біз жаттығатынбыз. Қар-жаңбырға қарамастан дайындалдық. Міне, ойыма тек осылар ғана келді. Атырау облысына мені қолдағандары үшін ал-ғыс айтқым келеді. Әкемдей болып кеткен Энвер Түркелериге, Алексей Геннадьевич пен Виктор Геннадьевичке алғысым шексіз. Бұл – менің еңбегім емес, ең бірінші, Алланың арқасында келген жеңіс.

Әли РАХИМОВ, Ниджаттың әкесі:
«НАҒЫЗ БАПКЕР БОЛЖАЙ БІЛЕДІ»

– Әзербайжан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері Златан Ванев жаттығу жұмыстары кезінде спортшыларға аса назар аудармайтынын байқадым. Керек десеңіз, жаттығу үстінде ұйықтап алады. Бұның бәрі Ниджатқа тікелей әсер етті. Ол универсиада ойындарында нашар нәтиже көрсетті. Содан соң Еуропа чемпионатына жібермей қойды. Осы жағдайдан кейін мен Ванаев спортшыларды басқарып отырса, біздің басқа елге ауысатынымызды жеткіздім. Себебі, ол өзіне керек атлеттермен ғана жұмыс жасайды.
Кейін Ниджат атақты бапкер Энвер Түркелериге келіп жаттықты. Әрине, өз еліңнен кеткен жақсы емес. Бірақ, сондай төмен жағдайда жұмыс жасағаннан гөрі көшіп кеткен жөн ғой. Олимпиадада маған Алексей Ни хабарласып, «ұлың чемпион атанса, Әзербайжаннан ұшып келесің бе?» деді. Әрине. Бас бапкердің айтқаны келді. Ұлым чемпион атанды. Нағыз бапкер көріпкел болуы керек.

Энвер ТҮРКЕЛЕРИ, Қазақстан құрама командасының кеңесші-бапкері:
«МЕН УӘДЕМДІ ОРЫНДАДЫМ»

– 2014 жылы қаңтар айында маған Баку қаласынан Ниджаттың әкесі Әли қоңырау шалды. «Менің Ниджат деген ұлым бар. Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының жеңімпазы. Оның арманы – олимпиада чемпионы болу. Ұлымды сіздің қолыңыз-ға, Қазақстанға жібергім келеді немесе бізге Бакуге келіңіз. Федерация басшылығы да сіздің келгеніңізді қалайды», – деді. Маған, әрине, басқа елдерден де ұсыныстар түсіп жатады. Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқаныма аттай 12 жыл болды. Қазақстан екінші Отаныма айналды деуге болады.
Содан ұлын алып келді. Ниджат ол кезде 21 жаста болатын. 15 күн қолымда жаттықты. Жұлқи көтеруден 133-135, ал серпи көтеруден 160-165 келіні бағындырды. Мен оның мықты, табиғи қасиеттерін байқадым. Дене күші, әсіресе, жылдамдығы өте жоғары дәрежеде болды.
Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз