ҮНДЕУ

Қазақстан Республикасы саяси партияларының және салалық кәсіподақтарының Атырау облыстық филиалдары мен Атырау облысы кәсіподақтар орталығының Атырау облысының прокуроры, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысына, шетелдік және басқа да жұмыс беруші компанияларының басшыларына 

 

Біз, Қазақстан Республикасының саяси партияларының Атырау облыстық филиалдары басшылары және Атырау облысы кәсіподақтар орталығы мен Атырау облыстық салалық кәсіподақтар басшылары, бірге –  «Біз «білім-ғылым-инновациялар» үштігі билеген постиндустрия­лық әлемге қарай жылжып келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзін қолдап, Ұлт жоспарларына өз үлесімізді қосу үстіндеміз. Яғни, Елбасының «Қазақстан-2020» стратегиясы және «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам», сондай-ақ «100 нақты қадам» деп аталатын бағдарламалары ел арасына кеңінен таралып, осыған байланысты жұмыстар өз жемісін беруде. Міне, осы бағдарламалар аясында салалық кәсіподақтар ұйымдары, партия филиалдары да өз жұмысын атқарып, қоғамдағы еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғап, елдің тыныштығы мен татулығының берік сақталуына өз үлесін қосу үстінде. Осы жақында ғана Сенатта жаңа Еңбек кодексінің жобасы бекітілген болатын. Бұл Жаңа Еңбек кодексі негізінде Мемлекет ең алдымен жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастарын келіссөздер арқылы сапалы ұжымдық шарт жасау жолымен реттеуге шақырады. Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі деңгейдегі еңбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптардың бұл міндеттемелерді орындауын қатаң бақылайды.

Елбасы: «Біздің мақсатымыз – өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыс­тарымызды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жал­ғастыру» деген болатын. Міне, біздер жаңа Еңбек кодексін бекітіп, жаңа заңға аяқ басқалы отырмыз. Осы заң аясында жұмыс беруші мен жұмысшы арасында ұжымдық шарттардың сапасын көтеріп, оның ішінде жұмысшы балаларының тәрбие алатын балабақшаға өтемақыларын, денсаулық сақтауға арналған шығындарын қарастыруға, қызметкерлердің салауатты өмір салтын сақтауына, спорттық шараларды ұйымдастыруға және басқа да шараларға мекеменің экономикалық мүмкіндігі шеңберінде қаражатты қарастыру арқылы қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың бірқалыпты болуына сеніміміз мол. Осы бағытта Сіздер, яғни жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының нығаюына, күннен-күнге биікке қанат жайып қарыштауына сүйіспеншілікпен қарап, қазіргі экономика жағдайын түсіністікпен бағалап, осы аталған іс-шараларды қолдап, ұйымдастыруға атсалысатындарыңызға сенеміз.

Жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы ұжымдық шарттардың жаңа Еңбек кодексіне сәйкес келуін қадағалап, еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғаудағы бағыттарға баса назар аударуды талап етіп, ұжымдық шарттарда еңбек адамының әлеуетін көтеруге бағытталған жағдайлардың орын алуына бақылау және қадағалауды күшейтуге ұсынамыз.

Сапалы ұжымдық шарттардың жасақталу процесі, олардың мазмұнының заңдылығына мемлекеттік бақылауды және тиісті мемлекеттік органдардың қызметінің заңдылығына қадағалауды күшейтуге. Осы бағытта атқарылатын жұмыс туралы ақпаратты жылына кем дегенде 1 рет бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды өтінеміз.

«Атырау облысы кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы   Д.Б.СҰЛТАНОВ

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары   Е.Е.БЕКТЕМІРОВ

«Қазақстан Коммунистер Халық партиясы» Атырау облыстық филиалы төрағасы  Е.Ғ.ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы  Ғ.Ә.СӘРСЕМАЛИЕВ 

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы  Е.Т.ЮСУПОВ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы  Ж.О.ДОСПАНОВ 

Атырау облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы  Ж.Н.ЕСІМОВА

«Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Т.Б.ҚАБДОЛОВ 

«Атырау облысы Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Б.БАТЫРОВ

Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы Атырау облыстық комитетінің төрайымы   Н.Д.СӘРСЕНОВА 

 «Қазақстандық салалық білім және  ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы»  қоғамдық бірлестігі төрағасының   міндетін атқарушысы   Ж.Ү.СӘРСЕНБАЕВА

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз