Көне тарих көмбесіндегі кездесу 

3301672a 89bd 4fe0 93cd 192743b2f8d1 Қоғам

ЕУРОПА МЕН АЗИЯНЫ, ШЫҒЫС ПЕН БАТЫСТЫ ҰШТАСТЫРҒАН ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ТҮРЛІ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТІП, АЛЫС-ЖАҚЫН ЕЛДЕРДІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС ЖАСАУЫНА ӨТЕ ҚОЛАЙЛЫ БОЛДЫ. ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР СҮРГЕН СОЛ ЗАМАНДАҒЫ ОТЫРЫҚШЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН КӨШПЕЛІ ТАЙПАЛАР АДАМЗАТ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІН ТИГІЗГЕН. САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТАМҒАН ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ӨЗДЕРІНІҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ТУЫНДЫЛАРЫН ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛДІ. АТЫРАУ

ӨҢІРІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ТАРИХИ МЕКЕН – САРАЙШЫҚТЫҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ ДЕ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ МОЛ.

ЖАҢА АЛТЫНОРДАЛЫҚ МЕКЕНДЕ

Жуырда «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мəдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Қазақстан мен Ресейдің белгілі ғалымдарының қатысуымен «Көне керуен жолдары жəне оның бойындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу мəселелері» тақырыбында далалық семинар өткен бо- латын. Белгілі ғалымдар керуен жолдарын барлау барысында «Канал», «Шойтас», «Ащысай» тұрағы жəне «Құлпытас», жаңа анықталған алтынордалық «Қарағайлы» мекеніне барды.

Сарайшық елді мекенінен 20 шақырым жерде жаңадан анықталған «Қарағайлы» мекенінен қыш ыдыс сынықтары, сəндік əшекей бұйымдар, мыс тиындар табыл- ды. Ғалымдар аталған мекенге байланысты мазмұнды ойларымен бөлісті. Археолог Мадияр Елеуов жəне Вячеслав Плахов бұл аймақта сауда жолы бойын- да үлкен мекен болғандығын айта келіп, «табылған ғимарат кесене» деген пікір білдірді. Сонымен қатар, нумизмат Павел Петров табылған тиындар Өзбек хан кезеңіне тиесілі екенін айтты. Археолог Марат Қасеновтің пікірінше, бұл аймақта Сарайшықтан кейін күйген кірпіштен жасалған осындай кешен алғаш кездесіп отыр.

– «Қарағайлы» мекенінің батыс жағында шамамен 4-5 ғимарат орны төбешік күйінде байқалады. Оның біреуін зерттеген кезде қыш кірпіш пен саман кірпіштен тұрғызылған ғимарат орны анықталды. Екі бөлмеден тұратын ғимараттың үлкен бөлмесінің көлемі – 4,8х4,8 м, кіші бөлме көлемі – 4,8х2,4 м. Қабырғасының қалыңдығы – 1,25 метр болса, сақталынған биіктігі – 80 см. Бөлмелердің еденіне қыш кірпіштер төселген. Сонымен қатар осы аралықта аз мөлшерде тас еңбек құралдарының жаңқалары да кездесті. Аумағы, мəдени қабаты бойынша біраз халықтың тұрғанын байқауға болады. Ғимарат шамамен ХІV-XVІ ғасырға, Алтын Орда кезеңіне жататыны анық байқалады. Бұл Сарайшық пен Сарай Бату, Қажы Тархан арасындағы алғашқы ірі ескерткіш деп саналады, – дейді музей-қорықтың бас инспекторы, археолог Айбек Тұрарұлы.

КЕРУЕН ЖОЛДАРЫ ЗЕРТТЕЛЕДІ

«Сарайшық» мемлекеттік тарихи- мəдени музей-қорығының археологтары 2021 жылдан бері Ұлы Жібек жолының тармақтарын зерттеп келеді. Жүйелі жұмыстар жүргізудің нəтижесінде биылдың өзінде 10-нан астам алтынордалық тұрақ табылды.

Музей-қорықтың директоры Əбілсейіт Мұқтардың сөзінше, Сарайшықтан Еділ бойындағы Алтын Орданың астаналары- на дейінгі керуен сарайлар, керуен жолдар мүлдем зерттелмеген.

– Музей ғалымдарының Мəскеуден тапқан картасында Сарайшықтан Сарай- Батуға дейін 8-12 керуен сарай бейне- ленген. Биыл да үлкен олжаға кенеліп отырмыз. Сарайшықтан шамамен 20 шақырым жерден үлкен алтынордалық мекенге тап болдық. Аумағы 1000х800 шаршы метрді қамтиды. Алтынордалық керамикалар, еңбек құралдары, сауда-саттықтағы жəдігерлер кездесті. Өзбек ханның заманындағы тиындар табылды. Табылған жаңа ескерткішті толық анықтау үшін Ресейден, Қазақстанның өзге қалаларынан ғалым, археологтарды шақырдық. Ғалымдардың барлығы да бұл мекеннің алтынордалық кезеңге жататындығын дəлелдеді. Зерттеу жұмыстары жалғасатын болады,- деді Əбілсейіт Қапизұлы.

Қарағайлыдан табылған қыш кірпіштен қаланған кесененің қалдығы – керуен сарайдың, өркениеттің болғандығының бірден-бір дəлелі. Ғалымдар қазба жұмыстары биыл аяқталуы қажеттігін жəне ескерткішті сақтау мəселесіне көңіл бөлу керектігін баса айтты.

– Сарайшықтан Еділ бойындағы Алтын Орда астаналарына дейінгі Ұлы Жібек жолының бойындағы керуен са- райларды ашу жұмыстары басталды. Картада керуен сарайлар көрсетілгенімен бұған дейінгі зерттеу жұмыстары кезінде кездеспеді. Бүгінгі табылған нысан батысқа жол тартқан саудагерлердің тынығуына таптырмас орын болғандығымен ерекше. Атап өтерлігі, бұл аумақтан кесененің табылуы болып отыр. Кесенеде ел сыйлаған абыз немесе əулие адам жерленуі мүмкін. Керуен жолымен өткен адамдар осы кесенеге түнеп, дұға-тілектерін тілейтін болған. Кесене күмбезінің, тіреулерінің қалдықтары осы аралықтан табылары хақ. Ортаңғы бөлігі толықтай ашылғаннан кейін белгілі бола- ды. Нысан қайта жасақтауға болатындай күйде сақталған. Сондықтан көп уақыт өткізбей жұмыстарға кірісу керек. Əрине, мұның бəрі қаражат пен қажырлы еңбекті талап етеді, – дейді сарайшықтанушы, ар- хеолог Вячеслав Плахов.

ҒАЛЫМДАР ТАРАПЫНАН ОҢ БАҒАСЫН АЛДЫ

Қазақстан жəне Ресей ғалымдарының қатысуымен далалық барлау экспедиция- сы Сарайшықтан оңтүстік бағытқа ғана барлау жүргізді. «Қарабай», «Жорғатай» қорымдары маңында жүргізілген барлау жұмыстары барысында «Жорғатай» қорымы маңынан алтынордалық мекен анықталып, жəдігерлер сарапталды.

Кейін ғылыми топ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен бірге өңірдің археологиялық зерттеу жұмыстары туралы дөңгелек үстелге қатысты. Жиында археолог А.Заинов «Атырау университетінің 2021-2022 жылдардағы археологиялық ізденістері», археолог М.Елеуов «Қазіргі қазақстандық археология ғылымы», нумизмат П.Петров «Сарайшық қаласының нумизматика- сы», археолог В.Плахов «Археология ғылымындағы өзара ғылыми байланыс- тар», этнограф Ж.Ерназаров «Жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми бай- ланыстар» тақырыбында сөз сөйледі.

Сонымен қатар ортағасырлық Сарайшықтағы археологиялық нысандарды сақтау бойынша ғылыми- техникалық кеңес өтті. Музей- қорықтың бас инспекторы А.Тұрарұлы саз балшықтан тұрғызылған көне қалалардағы ғимараттар табиғи əсерлерге төтеп бере алмайтынына маңыз беріп, əр нысанды жел, күн, судан қорғай алатындай толықтай жабудыңтиімдітехнологиясын қолдану керектігін айтты. Археолог М.Елеуов бұл тұрғыда шетелдік технологияны негізге алып, əр археологиялық нысанды қорғау мақсатында шыны қолдануды ұсынды. Кеңеске қатысушылар Сарайшықтан əр тарапқа бағытталған сауда жолдарының музей-қорық археологтары анықтаған маршруттарын оң бағалап, ғылыми зерделеуді жалғастыра беруді мақұлдады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз