КОМАНДИРЛЕР – ҚАШАН ДА ҮЛГІ

Жуырда Атырау қаласында Ішкі істер министрлігінің республикалық деңгейдегі оқу-әдістемелік жиыны - аймақтық семинары болып өтті. Оған Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары арнайы күзет қызметі мекемелерінің 34 командирі қатысты.

Жиынның басты мақсаты – оқу-әдістемелік қызмет барысында кездесетін заңнамалардағы өзгерістер мен толықтыруларды, жаңадан қабылданған Үкімет қаулыларын, ІІМ бұйрықтары мен кадрлық қызметті күзет қызметі командирлеріне барынша ұғындыру. Қазіргі таңда бұл сала қызметкерлері басты үш бағыт бойынша қызмет етуде, олар – аса маңызды объектілер, стратегиялық объектілер және экономика саласының объектілері. 
Аймақтық семинар барысында ҚР ІІМ арнайы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері мен бөлім бастықтары теориялық және практикалық сабақтар жүргізді. Сол арқылы олар бөлімше командирлерінің өз қызметтеріне сай екендігін (дәлдеп ату, физикалық жағынан дайындығы) де байқап көрді. Сонымен бірге, құжаттармен жұмыс істеу, іс-шара тәртібі, рентгеноскоп немесе детектор-аркамен жұмыс жасай білу, ақыр соңында берілген білім бойынша тест тапсыру жүзеге асты.

Руслан НҰРҒАЛИЕВ,
Атырау облысы
«Мамандандырылған
күзет қызметі
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің аға
инспекторы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз